Қызылтөбедегі басты мәселенің бірі – ауыз су
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 13:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қызылтөбедегі басты мәселенің бірі – ауыз су

1 Февраля 2017 (13:08) | 2082 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысындағы Қызылтөбе ауылдық округі көгілдір отынмен толық қамтылған. Мұнайлы ауданына қарайтын елді мекенде 28 мыңнан астам халық тұрады. Ауылда балабақша салу мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Былтыр мектепке дейінгі білім беретін 100 орындық екі мекеме бой көтерді. Биыл кәсіпкер демеушілігімен тағы екі кешен салынбақ. Келешекке межеленген өзге де іс-шаралар ауыл әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде айтылды.

 

 Екі тұрғын массивінен тұратын Қызылтөбе ауылының керегесі кеңейіп келеді. Биыл үшінші бөлігіне инфрақұрылым тарту жұмыстары жалғасады. Ауыл әкімінің есебінше, 1080 орындық жер теліміне газ, су және электр тартылған соң халыққа берілмек.

 

Серік Боранбаев, Қызылтөбе селолық округі әкімінің міндетін атқарушы:

 - Демографиялық көрсеткіштер бойынша біздің облысымыз Қазақстан бойынша алдыңғы орында. Ауданымыз облыс бойынша, ауылымыз аудан бойынша. Халық саны өсіп, отбасылар көбейіп жатыр. Баспана керек. Өте күрделі болып тұр.

 

 Халқы тығыз қоныстанған ауылдағы басты мәселе – ауыл тұрғындарын таза ауызсумен қамту. 90-жылдары салынған құбырлар бүгінде толығымен істен шыққан. Аудан әкімдігі әркез жөндеуге қомақты ақша жұмсалатын қиындықтан біржола арылуды көздеп отыр.

 

 Қуат Әлпиісов, ауыл тұрғыны:

- 1986 жылдан бері Қызылтөбеде тұрамыз. Ол уақыт пен қазіргі заманды теңестірсең, айырмасы жер мен көктей. Әуелгі уақытқа су құбырын жүргізіп еді, қазір жабылып қалды. Құбыр мәселесі айтылып кетті ғой.

 

 Нұрлыбек Жолбаев, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары:

 - Қазір құбырлар жарамсыз. Бірақ, оларды есептен шығаруға 50-100 жыл уақыт керек деген әңгіме жоқ. Қызылтөбе-1 және Қызылтөбе-2-ге, әрбір үйдің шарбағына дейін құбыр кіретіндей жоба жасалынды. Жаңадан құбыр төсеуге екі млрд теңгеден астам қаржы керек.

 

 Тиісті ұсыныс облысқа жолданыпты. Әзірге халыққа ішер су көлікпен тасымалданып тұр. Айта кету керек, бір үйге су жеткізу құны 1800-2200 теңге аралығында. Ауыл халқы бұл қиындықтан да арылар күн алыс емес екеніне сенеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему