Үздік самбошылар анықталды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үздік самбошылар анықталды

30 Января 2017 (18:38) | 1965 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ересектер арасында спорттық және әскери самбодан облыс құрама командасына іріктеу өтті.

 

Жарыста топ жарып, жеңімпаз атанғандар наурыз айында Қарағанды қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында аймақ намысын қорғайтын болады.

 

-Бүгінгі жарысты тамашалап отырып, спорттық самбодан Ерлан Серіков, Серік Бөкенбаев және әскери самбодан Асхат Әбдіхалықов, Бауыржан Ботабаев өте жақсы өнер көрсеткенін айта кеткім келеді.

Кейбір балуандардың күрес тәсілдерін сәл шыңдау керек. Жалпы аймақта мұндай жарыстардың жиі ұйымдастырылып тұруы спортшылардың жігерін жанып, жеңімпаздардың қатарынан көрінуі үшін талпынып, үздіксіз дайындалуына көп септігін тигізеді деп айта аламын.

 Бүгінгі іріктеуден өтіп, жеңімпаз атанғандар биыл өтетін Ел чемпионатына және Азия, Әлем чемпионаттарына қатысуға жолдама алады. ҚР-ның чемпионаты 20-24 наурыз аралығында Қарағанды қаласында, Азия чемпионаты маусым айында Ташкентте және Әлем чемпионаты қараша айында Ресейде өтеді деп жоспарланған.

 

Өкінішке орай, самбо күресінің облыста қыздар арасында даму деңгейі өте баяу,-дейді халықаралық экстра-класс дәрежесіндегі төреші Берік Жұмағалиев.

 

Облыстық іріктеуге Ақтау мен Жаңаөзен қалалары және бес ауданнан 100 балуан қатысып, 8 салмақ дәрежесінде бәсекеге түсті. Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде мықтылардың арасынан спорттық самбодан 52 келі салмақта Өмірбек Ідірісов (Шетпе кенті), 57 келі салмақта Мерей Ералиев («Жастар» спорт мектебі), 62 келі салмақта Мардан Есекенов («Жастар» спорт мектебі), 68 келі салмақта Серік Бөкенбаев  («Жастар» спорт мектебі), 74 келі салмақта Ерлан Серіков  («Жастар» спорт мектебі),  82 келі салмақта Қанағат Қойжан (Жыңғылды спорт интернаты), 90 келі салмақта Марат Сақтағанов (Жыңғылды спорт интернаты), +100 келі салмақта Ғайса Қалмұханов («Жастар» спорт мектебі) топ жарып, облыс құрамасын жасақтады. Одан бөлек әскери самбодан 57 келі салмақта Асхат Әбдіхалық («Жастар» спорт мектебі), 62 келі салмақта Бауыржан Ботабаев (Шетпе кенті), 68 келі салмақта Еділбек Рамазанов (Шетпе кенті), 74 келі салмақта Нұртас Асанов (Шетпе кенті), 82 келі салмақта Роман Лостовсцкий (Шетпе кенті), 90 келі салмақта Асхат Хапанов («Жастар» спорт мектебі), Айболат Мұратұлы («Жастар» спорт мектебі) жеңімпаз атанып, жеңіс тұғырынан көрінді.  

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему