Маңғыстау облыстық соты БАҚ өкілдеріне сотта техникалық құралдарды қолдану тәртібін түсіндірді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 06:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық соты БАҚ өкілдеріне сотта техникалық құралдарды қолдану тәртібін түсіндірді

30 Января 2017 (12:35) | 2068 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыстық соттың ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған «Техникалық құралдарды сот залдарында қолдану тәртіптері» тақырыбында семинар сабағын ұйымдастырды.

 

Жиынға Маңғыстау облыстық сотының БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьясы Айжан Молбаева, ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімдерінің мамандары, «Күзет» ММ-нің қызметкерлері, сот приставтары және журналистер қатысты.

 

Шарада сөз алған ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Бекжігіт Тұрлыбек сот ғимараттарына және оның аумағына келушлерді өткізу, объектшілік режимдерді қамтамасыз ету, сот залдарында техникалық құралдарды пайдалану тәртібін түсіндірді.

 

 

Журналистерге сот отырысына қатысу үшін алдын ала арнайы тізімде тіркелумен қатар, сот ғимаратына келген кезде қызметтік куәліктерін көрсету арқылы сот отырысына техникалық құралдармен өтуге рұқсат етілетіні түсіндірілді. Сот отырысында дыбыстық-бейне жазба құралдарын қолдану төрағалық етушінің рұқсатымен жүзеге асатыны еске салынды.

 

-Бүгінгі шара – Жоғарғы соттың тапсырмасымен өткізіліп отырған семиар-сабақ. Бұл басқосудың мақсаты, құрметті БАҚ өкілдері, сіздерді сот отырыстарында техникалық құралдарды пайдаланудың тәртібін реттейтін заң талаптарымен таныстыру.

Сот отырыстарында түсірілімдер жүргізу мен жазбалар жасауда сақталатын талаптар жөнінде түсіндіру. Бұл мәселеде арамызда түсінбеушіліктер туындамас үшін осы жөніндегі тәртіп турасында журналистерге арнап осы семинар сабағымызды өткізіп отырмыз,- деді Маңғыстау облыстық сотының БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьясы А.Молбаева.

 

«Күзет» басқармасының қызметкерлері сот залына кірген журналистер аудио жазба жасау үшін арнайы диктофон құралын әкелген кезде оған қосымша смартфонды да залға алып өтуіне рұқсат етілмеуі тиіс, себебі ұялы телефондарға келген СМС хабарлары мен қоңырулар сот отырысына кедергі келтіреді дегенді айтты. Бұл жөнінде заңмен де шектеу қойылғаны туралы ескертілді.

 

Сонымен қатар, қауіпсіздік қызметінің өкілдері сот отырысын түсіруге төрағалық етуші рұқсат еткенмен, тараптар қарсы болса, оларды түсіруге болмайтынын айтып, сот процессінің негізгі барысын қысқаша ғана түсіруге болатынын ескертті.

 

Семинарға келген журналистерге «Бұқаралық ақпарат құралдарының сөз бостандығы және сот ісін жүргізудің жариялылығы» - нормативтік құқықтық актілерден үзінділер таратылып берілді.

 

Сот өкілдері журналистерге: «Егер, сот отырысына келгенде сіздердің түсіру құралдарыңыз болмаса, алдын ала өтініш беру арқылы сот отырысының жазбасын дискіге жазылған түрде бізден сұратып алуларыңызға болады», - деді.

 

Сот саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері өзара заңмен анықталған тәртіпте ынтымақтаса қызмет атқару туралы уағдаласты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему