Ақтау қаласының №2 соты қалалық әкімдіктің кейбір мамандарын жауапкершілікке тартты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 11:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласының №2 соты қалалық әкімдіктің кейбір мамандарын жауапкершілікке тартты

29 Января 2017 (22:50) | 3449 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Әрбір мекемеде жыл басында өткен жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы міндеттер айқындалады. Осындай мақсатта Ақтау қаласының №2 сотының басшылығы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісін ұйымдастырып, сотта 2016 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы, қоғамда резонанс туғызған кейбір істер жайлы баяндап, заман талабына сай сот органының алға қойған міндет-мақсаттары турасында әңгімеледі.

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

             Басқосуға БАҚ өкілдерімен қатар сот төрағасы, судьялар, олардың көмекшілері, кеңсе маандары қатысы. Ақтау қаласы №2 сотының төрағасы Қанзиба Жәкібайқызы Рысқалиева өткен жылдың 21 қарашасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбавтың  қатысуымен Елордада өткен Қазақстан судьяларының VII съезінде соттардың алдына қойылған мақсат-міндеттері, сот жүйесіне берілген баға, съезде қабылданған «Судья  әдебі» Кодексі жайлы тілге тиек ете келе, 2016 жылғы соттағы атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды.

            -2016 жылда 12 айда сотқа 9480 талап арыз ( 2015ж.12 айында түскен талап арыз -8312,) және 62 азаматтық іс (2015ж.-113 іс) түскен, яғни сотқа түскен талап арыздар саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1168-ге, немесе 8% артқан.

            2016 жылдың 12 айында барлығы 8709 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде 3336 сот бұйрығы шығарылған, 4334 іс, немесе 49,7% шешім шығарумен аяқталған, 359 істің, немесе 4,1% өндірісі қысқартылған, 623 іс, немесе 7,1% қараусыз қалдырылған. Осы көрсеткіштерді өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырсақ, (2015 жылдың 12 айында барлығы 8294 іс аяқталған, сот бұйрығы-2504, шешім шығарылғаны - 4545, немесе 54,7 %, қысқартылғаны- 315, немесе 3,7%, қараусыз қалдырылғаны - 812, немесе 9,7 %).

Соттылығы бойынша жолданғаны -55 іс.(2015 жылдың 12 айында бұл көрсеткіш-117)Есептік кезеңнің аяғында 407 азаматтық іс қалдықта қалған (2015 жылдың 12 айында 344 азаматтық іс қалдықта қалған). Ағымдағы жылы шешіммен аяқталған істер 211-ге кеміген,- деп мәлімдеді сот төрағасы..

Қанзиба Жәкібайқызының айтуынша, «100 нақты қадам» бес институционалды реформалар ұлттық бағдарламасы бойынша Елбасымен қойылған тапсырмалардың бірі халықтың, азаматтардың сотқа қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы бағытта жоғары сотпен берілген тапсырма - істерді жеңілдетілген тәртіппен қарау. Сот процестерінде дыбыс және бейне жазбамен құрылғыларын қолдану. Сот отырысы өткізілген барлық 2918 іс бойынша 100 пайыз бейне жазба қолданылды. 

Сот ғимаратында барлығы 9 сот мәжіліс залдары бар, оның 8 залы дыбыс- бейнежазба қондырғысымен, 1 зал дыбыс жазба қондырғысыз жабдықталған.

Талап-арыздың 7036-сы, яғни 80% "Сот кабинеті" арқылы түскен. "Сот кабинеті" порталы соңғы кезде халыққа тиімді, себебі ғаламтор арқылы азаматтар үйінде отырып, арыз жібере алады. Тіпті, сот отырысында қаралған істің мәліметтерін порталдан көріп, аппелияциялық шағым жолдауға мүмкіндік бар. «Сот кабинеті» сервисі - бұл электрондық ақпарттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналады. Сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. 

            Сонымен қатар «Сот кабинеті» арқылы 729 өтініш, 287 қарсылық, 77 апелляциялық шағымдар түсіп тіркелген».

МЕДИАЦИЯНЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАНУ

- Есепті кезеңде барлығы - 8709 іс аяқталған, оның – 195 ісі медиация тәртібімен аяқталған 2,2 % құрайды (2015 жылдың 12 айында барлығы – 8294 іс аяқталған оның ішінде - 60 іс медиация тәртібімен аяқталған 0,7% құрайды).

2016 жылдың 12 айындағы барлық 18 246 кіріс құжаттар қазақ тілінде тіркелген, яғни 100%, барлық 21 953 сыртқы құжаттар қазақ тілінде тіркелген, яғни 100 % мемлекеттік тілде.

Ағымдағы жылы Маңғыстау облысының мемлекеттiк органдар мен ұйымдарында және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, Ақтау қаласының прокурорының атына сотқа жолданатын талап арыздарды мемлекеттік тілде жолдау туралы хаттар жолданып, жауаптар алынды.

           Орыс тілінде келіп түскен талап арыздарды, тараптар мемлекеттік тілді толық меңгерген жағдайда іс жүргізу тілін мемлекеттік тілге ауыстыру шаралары қолдануда, - деді сот төрағасы Қ.Рысқалиева.

АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР САНАТТАРЫ

            Ақтау қаласының №2 сотының азаматтық істерді қарауға мамандандырылған. Сотпен аяқталған азаматтаттық істердің ішінде неке және отбасы, еңбек, тұрғын-үй, салық, шарттардан туындайтын, материалдық және моральдық зиянды өтеу, т.б. қоғамдық қарым-қатынастарға байланысты даулар бойынша істер қаралған.

            -Атап айтқанда, жұмысқа қайта орналастыру туралы 73 талап арыз түсіп, оның 10 арызы қанағаттадырылған. «Маерск Ойл» компаниясына, «Коммунай» ЖШС, «ОйлСервисКомпани» ЖШС, «Морпорт» АҚ, Ішкі Істер Басқармасы сияқты заңды тұлғалар жауапкерлер болды. 14 талап арыз қанағаттандырусыз қалды. 20 талап арыз қайтарылды.

            Жалақы бойынша қарызды өндіру туралы сотқа 74 талап арыз түсті. Оның ішінде 16 арыз қайтарылды, 8 талап арыз бойынша талап қанағаттандырылудан бас тартылған, 15 талап арыз қанағаттандырылған, 18 іс сотта бітімгершілік келісіммен аяқталды, яғни жауапкерлер қарызды толықтай өтеді. Бұл жерде жауапкерлерді атап өтсек, «Аякс строй» ЖШС, «Үштұра», «РИГ», «Нияз-Мұхаммед» ЖШС- деп мәлімдеді .сот төрағасы.

            Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Бозшағұлов Қаржау Қазтұрғанұлы:

            -Өзеріңізге белгілі болғандай, қазір Ақтау қаласының аумағы кеңейіп, жаңа тұрғын үйлер салынып, олардан тұрғындарға жаңа пәтерлер берілуде. Осыған сәйкес бірқатар Ақтау қаласы тұрғындарынан тұрғын үй кезегінен шығару және пәтер алу құқығынан заңсыз айыру бойынша құқықтарының бұзылғаны туралы сотқа арыздар келіп түскен болатын.

Ақтау қаласы әкімдігінің заңсыз әрекеттеріне шағымдану осы орайда көбейді. Ол өткен жылдың қорытындысы бойынша байқалса, биылғы жыл басталғалы бері де осы тұрғыдағы бірнеше істер сотта қаралды. Барлық жағдайда да Ақтау қаласы әкімдігінің әрекеттері заңсыз деп табылып, азаматтардың заңды құқықтары қорғалды.

            Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы азаматтардың бұрынғы үйі бар деген себеппен оларды үй кезегінен шығарған. Негізгі мәселелер осыған байланысты туындаған. «Тұрғын үй қатынастары» Заңының талаптарына сай, ол азаматтардың тұрғын үйлері болмағандықтан, коммиссияның шешімі заңсыз деп танылып, тұрғындардың құқықтарын қалпына келтіру туралы заңды шешім шығарылды.

Заң талабы бойынша әрбір азаматқа тұрғын үйдің көлемі 15 шаршы метрден кем болмауы керек. Ал кейбір жанұяларда бір бөлмелі пәтерде 5-6 адам тұрады. Әрқайсына шаққан кезде шаршы метр тек 4-5 метрден ғана келеді. Осының бәрін ескерілмей, кейбір азаматтардың отбасында мүгедек балаларының болғанына қарамастан заң талаптары бұзылған. Осыған сәйкес, 2016 жылы барлық талаптар қанағаттандырылып, қалалық әкімшілік тарапынан қолданылған әрекеттер заңсыз деп танылғанмен, 2017 жыл басталғаннан бері де осындай жағдайлар жалғасып жатыр.

 Қаңтар айында 1 айдың көлемінде біз осындай 5-6 арыз бойынша сотта істерді қарап, тұрғындардың заңды құқықтарын қорғадық.  

            Тұрғын үй кезегінен шығарылған және пәтер алу құқығынан заңсыз айырылған

азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша соттағы істерді қараған судья Қ.Бозшағұловтың мәлімдеуінше, «Ақтау қаласы әкімінің бір орынбасары және әкімшілік жанындағы мекеменің екі маманы сот шешімімен кінәлі деп танылып, Маңғыстау облысының мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігінің тәртіптік комиссиясының қарауына берілді. Осы комиссияның қарауының нәтижесімен Ақтау қаласы әкімінің бір орынбасары және кейбір мемлекеттік мекемелер басшылары «Тұрғын үй» Заңы бойынша тұрғындардың заңды талаптарын қанағаттандырмағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алдағы уақытта ондай заң бұзушылықтар үшін, заңмен көзделгендей, тағы да қайталанса, қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмкін.

            Жалпы, биылғы жылы да біз осындай заңсыз әрекеттердің жалғасуына сай, заңды шешімдер шығарып жатырмыз.

            Өткен жылы азаматтардың осындай 30-40 талап арызы қаралып, олардың барлығы бойынша талаптары қанағаттандырылды.           Сот шешімдері заң күшіне енді».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему