Азаматтық қорғаныс – ардақты мамандық
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Азаматтық қорғаныс – ардақты мамандық

26 Января 2017 (11:09) | 1835 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Данияр Елшібаев өзі таңдаған мамандығын мақтан тұтады және мектеп бітіруші түлектерге арнап, өзі білім алған Көкшетаудағы техникалық институт жайлы әңгімелеп, оған оқуға түсу туралы мәліметтермен бөліседі.

-Мен төтенше жағдайлар саласының қызметкерімін. Адам өмірін қорғау, оқыс жағдайдың алдын алу сияқты сауапты іспен айналысуды әуелден жаным қалайтын.

Бұл мамандықты өзім сияқты көптеген жерлестерім, ауыл жастары таңдап, оқуға түсіп, туған елге қызмет атқарса деп ойлаймын. Осы орайда мен, Көкшетаудағы техникалық институт туралы айтқым келеді, - деді ТЖ бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Д. Елшібаев.

Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары Білім және ғылым министірлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындылары сертификатының баллдарына сәйкес қабылданады.

Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

            Қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.

            Медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.

 Талапкерлер бекітілген Нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады: бағанада тартылу, 100 метрге жүгіру, 3000 метрге жүгіру.

Қабылдау комиссиясы курсанттар қатарына қабылдайды.

Онда медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қортындыларын ескере отырып ҰБТ қортындылары бойынша сертификат баллдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.

Курсанттар қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде:

«Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;

Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар тұлғалар;

Жеңімпаздар:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған);

Республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;

Ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиядалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары

ҰБТ сертификаты баллдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, оқуға қабылдануға басым құқыққа ие. Сондай-ақ,

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

Үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар тұлғаларға басымдық бар.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедек алған қызметкерлердің балалары оқуға түсетін талаптар бойынша белгіленген шектеу баллын алған жағдайда Институтқа конкурстан тыс қабылданды.

Институтқа түсуге ынта білдерген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің (Басқарма, Бөлімше) кадр жұмысы бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрінде) береді. Өрт қауіпсіздігі, Төтенше жағдайларда қорғау, Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері қатарлы мамандықтар даярлайды.

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады.

Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтанумен және мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары казармалық жағдайда, төртінші курс Көкшетау қаласында еркін тұрады.

Институтта күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.

-Азаматтық қорғаныс – ардақты мамандық болғандықтан, мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар, жастар!- деп сөзін аяқтадыҚарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Данияр Елшібаев.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему