Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының ынтымақты әрекетінің маңызы
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 20:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының ынтымақты әрекетінің маңызы

26 Января 2017 (11:01) | 7416 | Автор: Нурганым Имашева

 

Аталған тақырыпта біздің басылымға Ақтау қаласы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қарабалаева Ақсырға Сүйірбайқызы өз пайымдауларын жолдаған.Ұстаз әріптестері және бала тәрбиелеп отырған ата-аналар қауымымен өз ойларымен бөліседі.

-Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы өте зор.

Қазіргі мектепте жағдай көптен өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу техналогиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы, - дейді ұстаз Ақсырға Сүйірбайқызы.

Бастауыш сынып мұғалімі А.Қарабалаеваның пікірінше, «Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім – оқушы – ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшілік-командалық жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.

Бүгінгі мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орнымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.

Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бүгінде бала тәрбиесіне олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр».

-Сондықтан да ата -аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Мектептің ата-анамен жүргізетін жұмысының осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып – жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.

Мектептің баланы тәбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасын негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан сынып жетекшісінің оң бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде, бірлікте, ынтымақтастықта қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егер де тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет алған жағдайда ғана болады. Ол өзара сенім мен құрмет, көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс, - деп мәлімдеді тәжірибелі ұстаз Ақсырға Сүйірбайқызы.

Ақтау қаласы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А Қарабалаеваның айтуынша,«Мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналармен тығыз болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол, үшін отбасы және оның тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан- жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Олай болса, сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?

-баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуы;

-баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

-баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыру үшін;

-баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

-балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;

-баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;

-балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;

-сынып жетекшісі, оқушылармен ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему