Қылмыстары үшін жазасын алды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қылмыстары үшін жазасын алды

23 Января 2017 (22:06) | 2172 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Ұрлық түбі-қорлық» дейді дана халқымыз. Дегенмен, осы даналық сөздердің мағынасына терең үңілмей, өзгенің мүлкін жымқырып, ақыры ұрлығы әшкереленіп, соның нәтижесінде темір торға тоғытылып, жалындаған жас шағын түрмеде өткізіп, жасаған қылмысы үшін тағайындалған жазаны өтеу барысында түзеліп, дұрыс өмір сүрудің орнына, қайтадан қылмыс жасау жолына түсіп, бір-ақ рет берілетін өмірін қор қылған азаматтар қаншама?!

ҚАСАҚАНА ҰРЛЫҚ

Осындай екі азаматтың жасаған қылмысы, ол үшін алған жазалары туралы әңгімелесек. Ақтау қаласының тұрғындары бірі 1995 жылы, ал екіншісі 1993 жылы туылған 21 және 23 жаста (ұрлық жасап, сотталған кезде) болған жап-жас екі жігіт Т.Н. (бұрын 19.08.2015 ж. Ақтау қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігінің 1 тармағымен 3 /үш/ жылға бас бостандығынан айырылып, ҚР ҚК-нің 63 бабына сай бас бостандығынан айыру жазасы сол мерзімге шартты деп саналған, жұмыссыз) мен Н.Ғ. (Оңтүстік Қазақстан облысында туылған, бойдақ, жұмыссыз, бұрын сотталмаған) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2- бөлігінің 1),2),3)-тармағы, 188-бабының 3)-тармағы,188-бабының 3)-тармағы, 202-бабының 2-бөлігінің 1),5)-тармағында көзделген қылмысты жасауда айып тағылып берілген қылмыстық ісі Ақтау қалалық сотында судья А.С.Бұлақбаеваның төрағалық етуімен қаралған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары арқылы анықталғанындай, сотталушы Н..Т. 26.01.2016 жылы сағат 22:30 шамасында қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкін жасырын түрде ірі мөлшерде жымқыру мақсатында, алдын-ала сотталушы Ғ.Н. - пен қылмыстық сөз байласып, Ақтау қаласы 28 «а» шағын аудан көлемінде орналасқан «Ломбард» ішіне алдыңғы жағында орналасқан терезесі арқылы ішіне заңсыз еніп, жәбірленуші А.У. - қа тиесілі «Ломбард» ішінде болған сейфтің есігін бұзып 2 000 000 теңге болатын алтын бұйымдарын жасырын түрде жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

Нәтижесінде Н.Т. және Ғ.Н. өздерінің қасақана, қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші А.У.- қа 2000 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Одан әрі, сотталушылар Н.Т. және Ғ.Н. 26.01.2016 жылы сағат 22.30 шамасында өзара алдын-ала қылмыстық сөз байласып, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру мақсатында, өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен, Ақтау қаласы 28 шағын аудан көлеміндегі жәбірленуші А.У. - қа тиесілі «Ломбард» орналасқан №18 дүңгіршек ішіне жанармай шашып өртеп, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

Нәтижесінде Н.Т.пен Ғ.Н. өздерінің бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші А.У.- қа 1 170 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Одан әрі, сотталушылар Н.Т. және Ғ.Н. 12.03.2016 жылы сағат 02:00 шамасында қасақана, пайдақорлық ниетпен бөтеннің мүлкін жасырын түрде ірі мөлшерде жымқыру мақсатында, алдын-ала өзара қылмыстық сөз байласып, бірнеше рет, Ақтау қаласы 28 шағын ауданы көлемінде орналасқан «Каспиан Маркет» ЖШС-нің артқы жағында орналасқан терезесі арқылы заңсыз еніп, «Каспиан Маркет» ЖШС-не тиесілі сейфті бұзып, ішінде болған 2 300 000 теңгені жасырын түрде жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалған.

Нәтижесінде Н.Т. және Ғ.Н. өздерінің қасақана, қылмыстық іс-әрекетімен «Каспиан Маркет» ЖШС-не 2 300 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Одан әрі, сотталушылар Н.Т. және Ғ.Н. 19.04.2016 жылы түңгі уақытта қасақана, пайдақорлық ниетпен бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, өзара алдын-ала қылмыстық сөз байласып, бірнеше рет, Ақтау қаласы 14 шағын аудан көлемінде орналасқан «БиоМарт» шағын маркетіне терезесі арқылы заңсыз еніп, ішінде болған

сейфті бұзып, ішіндегі 200 000 теңге ақшалай және бағасы 229 045 теңге болатын актив сим- карталарын жасырын түрде жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалған.

Нәтижесінде Н.Т. және Ғ.Н. өздерінің қасақана, қылмыстық іс-әрекетімен «БиоМарт» ЖШС-не 429 045 теңге материалдық шығын келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушылар Н.Т. мен Ғ.Н. өздеріне тағылған айыпты толықтай мойындап, істеген әрекеттерііне өкінетіндігін көрсетіп, өздерінің-сотталушының құқықтарын пайдаланып, жауап беруден бас тартқан.

-Сот, басты сот талқылауында зерттелген және сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде берген жәбірленушілердің жауаптарын, сот талқылауында сотталушылардың өздерінің берген жауаптарын, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған құжаттарын: 27 қаңтар 2016 жылғы № 39-20-13/14-3 маманның қорытындысын, оқиға болған жерді көрсету арқылы тексеру хаттамасын негізге алады, себебі олар бір-біріне қарама қайшы келмейді және күмән келтірмейді.

Бұл дәлелдемелер сотталушылардың кінәларын дәлелдейтін бұлтартпас дәлелдер болып табылады. Сондықтан, сот оларды үкімге негіз етіп алды, - деп мәлімдеді сот талқылауында төрағалық еткен Ақтау қалалық сотының судьясы Аида Бұлақбаева.

Судья Аида Сағатбекқызының айтуынша, «Сот, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталып, басты сот талқылауында зерттелген дәлелдемелерге баға беріп және де жинақталған дәлелдемелерге талдау жасап, сотталушылар Н.Т. және Ғ.Н. - тың бөтеннің мүлкін жасырын түрде, бірнеше рет, заңсыз қоймаға кіру арқылы ірі мөлшерде ұрлау және бөтеннің мүлкін қасақана жою нмесе бүлдіру өрт қою арқылы ірі залал келтіру қылмыстық іс әрекеттері толықтай өз дәлелін тапты деген қорытындыға келді.

Сот бұл дәрежелеуді дұрыс және бұл дәрежелеу сот мәжілісінде өзінің дәлелін тапты деп санайды, дәрежелеу талас тудырмайды».

Сотталушы Н.Т. 19.08.2015 жылғы үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 191 бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғанына қарамастан қайтадан ауыр қылмыстар санатына жататын қылмысты жасады. Сот ҚР ҚК-нің 14-бабының 1-бөлігіне сай, оның әрекетінде қылмыстардың қайталану белгілері бар деген тұжырымға келді.

ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАЗА

-Н.Т., Ғ.Н.жасаған қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жататындығын, жәбірленушілерге қылмыстық әрекеттерімен келтірілген материалдық залалдың орыны толтырмағандығын, сотталушы Н.Т. бұрын сотты болғандығы, өзіне дұрыс шешім шығармағандығы, түзелу жолына түспегенін және сотталушылардың түзелуі тек қоғамнан оқшаулау ғана мүмкіндігін ескеріп, сот оларға қоғамнан оқшаулап, жеке мүліктерін тәркілеп жаза тағайындаған жөн деп тапты.

ҚР ҚК-нің 46-бабының 5-бөлігінң 3-тармағына сай, сотталушылар Н.Т., Ғ.Н. бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтемегенін ескеріп, оларға ҚР ҚК-нің 46- бабының 5- бөлігінің 2)тармағы негізінде, тағайындалған жаза түзеу колониясының жалпы режимінде өтелуге жатады деп есептейді,- дейді істі қараған Ақтау қалалық сотының судьясы А.Бұлақбаева.

Судьяның мәлімдеуінше, «Сот аталған қылмыстық құқық бұзушылықты сотталушы Н.Т. шартты түрде сотталып, пробациялық бақылау орнатылған жағдайда жасалғандығын ескеріп, ҚР ҚК-нің 64-бабының 5-бөлігіне сай, Ақтау қалалық сотының 19.08.2015 жылғы үкімі шартты сотталуы жойылып, оған жаза Қылмыстық Кодекстің 60 бабына сай тағайындалуға жатады деген тұжырымға келді.

Жәбірленуші А.У. - тың сотталушылар Н.Т. және Ғ.Н. - қа қатысты келтірілген материалық залалды өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылуға жатады.

Сотталушылар Н.Т. және Ғ.Н. жәбірленуші А.У. - тың пайдасына 3 170 000 /үш миллион бір жүз жетпіс мың / тенге және мемлекет пайдасына мемлекеттік баж 95 100 /тоқсан бес мың бір жүз/ теңге өндірілуге жатады.

Жәбірленуші «Caspian market» ЖШС – не сотталушылар Н.Т. және Ғ.Н. - қа қатысты келтірілген материалық залалды өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылуға жатады.

Сотталушы Н.Т.пен Ғ.Н. жәбірленуші «Caspian market»ЖШС – нің пайдасына 2 300 000 /екі миллион үш жүз мың / тенге және мемлекет пайдасына мемлекеттік баж 69 000/алпыс тоғыс мың/ теңге өндірілуге жатады.

Жәбірленуші «Bio Mart» ЖШС – нің сотталушылар Н.Т. және Ғ.Н. - қа қатысты келтірілген материалдық залалды өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылуға жатады.

Сотталушы Н.Т. және Ғ.Н. жәбірленуші «Bio Mart»ЖШС – нің пайдасына 429 045 /төрт жүз жиырма тоғыз мың қырық бес/ тенге және мемлекет пайдасына мемлекеттік баж 12 871/он екі мың сегіз жүз жетпіс бір/ теңге 35 тиын өндірілуге жатады».

Жоғарыдағылар негізінде, ҚР-сы ҚПК-нің387-390, 392, 393, 395-398, 401-402 баптарын басшылыққа алып, сот

Ү К І М Е Т Т І:

Т. Н.Қ. ҚР Кылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі, 202-бабының 2-бөлігінің 1),5)- тармағымен кінәлі деп танылсын, оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша 3 /үш /жыл 6 /алты/ ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы оның жеке меншігі болып табылатын барлық мүлкі тәркіленсін, 202-бабының 2-бөлігінің 1),5) – тармағы бойынша 3 /үш/ жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге деп белгіленсін.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 3-бөлігіне сай, тағайындалған жазаларды қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті өтеуіне 3 /үш/ жыл 6 /алты/ ай мерзімге бас бостандығынан айырылсын, жеке мүлкі тәркіленсін, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге деп белгіленсін.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 64-бабының 5 бөлігіне сай, 19 тамыз 2015 жылғы Ақтау қалалық сотының айыптау үкімімен Т.Н. Қ- на тағайындалған шартты түрдегі жазаның күші жойылсын.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 60-бабының 4-бөлігінің талабына сай, тағайындалған жазаға, Ақтау қалалық сотының 19 тамыз 2015 жылғы айыптау үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен ішінара қосып, Т.Н. Қ. - на түпкілікті өтеуіне 4/төрт/жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын, жеке мүлкі тәркіленсін, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге деп белгіленсін.

Сотталған Н.Т. - тың әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 14-бабының 1-бөлігіне сай қылмыстардың қайталануы танылсын.

Жазаны өтеу мерзімі үкім жарияланған күннен, яғни 20 шілде 2016 жылдан бастап есептелінсін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 62-бабының 3-бөлігіне сай қамауда болған күндері 19 мамыр 2016 жылдан 19 шілде 2016 жылға дейінгі мерзім жазаны өтеу мерзіміне қоса есептелінсін.

Екінші сотталушы - Н.Ғ.Қ. Қазақстан Республикасының Кылмыстық Кодексінің 188 - бабының 3-бөлігімен, 202- бабының 2-бөлігінің 1),5) -тармақтарымен кінәлі деп танылсын, оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша 3 / үш /жыл 6 /алты ай/ бас бостандығынан айыру жазасы оның жеке меншігі болып табылатын барлық мүлкі тәркіленсін, 202-бабының 2-бөлігінің 1),5) – тармағы бойынша 3 /үш/ жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге деп белгіленсін.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 3-бөлігіне сай, тағайындалған жазаларды қатаңдағы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті өтеуіне 3 /үш/ жыл 6 /алты/ ай мерзімге бас бостандығынан

айырылсын, жеке мүлкі тәркіленсін, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге деп белгіленсін.

Жазаны өтеу мерзімі үкім жарияланған күннен, яғни 20 шілде 2016 жылдан бастап есептелінсін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 62-бабының 3-бөлігіне сай қамауда болған күндері 19 мамыр 2016 жылдан 19 шілде 2016 жылға дейінгі мерзім жазаны өтеу мерзіміне қоса есептелінсін.

Жәбірленуші А.У.-тың азаматтық талап арызы толық қанағаттандырылсын.

Н.Ғ.Қ. және Т.Н.Қ. жәбірленуші А.У. - тың пайдасына ортақтасқан мөлшерде 3 170 000 /үш миллион бір жүз жетпіс мың/ тенге және мемлекет пайдасына мемлекеттік баж 95 100/тоқсан бес мың бір жүз/ теңге өндірілсін.

Жәбірленуші «Caspian market» ЖШС-нің азаматтық талап арызы толық қанағаттандырылсын.

Н.Ғ.Қ. және Т.Н.Қ. жәбірленуші «Caspian market» ЖШС-нің пайдасына ортақтасқан мөлшерде 2 300 000 /екі миллион үш жүз / тенге жене мемлекет пайдасына мемлекеттік баж 69 000/алпыс тоғыз мың/ теңге өндірілсін.

Жәбірленуші «Caspian market» ЖШС-нің азаматтық талап арызы толық қанағаттандырылсын.

Н.Ғ.Қ. және Т.Н.Қ. жәбірленуші «Bio Mart» ЖШС-нің пайдасына ортақтасқан мөлшерде 429 045 /төрт жүз жиырма тоғыс мың қырық бес/ тенге және мемлекет пайдасына мемлекеттік баж 12 871/он екі мың сегіз жүз жетпіс бір/ теңге 35 тиын өндірілсін.

-Сотталған Н.Ғ.Қ. және Т.Н.Қ. үкімнің азаматтық талап бөлігін ерікті түрде орындауға қатысты 05 тамыз 2016 жылға дейін мерзім белгіленген. Көрсетілген мерзімнен кейін үкімнің азаматтық талап бөлігі мәжбүрлеп орындалуға жатады,-делінген сот үкімінде.

Р.S.Сөйтіп, өзгенің мүлкін ұрлап, олжалы болуды көздеген екі жас жігіт, заңмен тағайындалған тиісті жазаларын алды. Жасаған қылмыстарының жазасын өтеу үшін абақтыға қамалды. Ол жерден сол азаматтар түзеліп шыға ма, әлде темір тордың арғы жағындағы өмір олардың тағдырын басқа арнаға бұра ма, ол енді өздеріне байланысты. Әркім өз тағдырының иесі екенін естерінен шығармаса болғаны.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему