«Жаңа серпін» орталығы құрылыс компанияларына қажет маман дайындайды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 06:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жаңа серпін» орталығы құрылыс компанияларына қажет маман дайындайды

23 Января 2017 (10:50) | 2313 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Жаңа серпін» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылыс саласына қажет мамандарды дайындайды. Айта кету керек, 2020 жылға дейін облыс әкімдігінің қолдауымен тұрғындарды еңбекпен қамту бойынша ықпал ету бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл туралы Маңғыстау өңіріндегі құрылыс компанияларының өкілдері хабардар болды.

 

Құрылыс компания өкілдерінің алдында сөз сөйлеп, презентация жасаған «Жаңа серпін» орталығы директорының орынбасары Нұрбек Сұлтан, жұмыс берушілерді мемлекет есебінен жұмыс күшін тартуға беріліп отырған мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.

 

Жұмыс беруші өзіне қажетті маман іздеп орталыққа өтінім береді, ал орталық мамандары жұмыссыздар арасынан керекті үміткерді іздестіреді. Оқу-үйрету ұйымдарының тізімі аумақтық жағынан шектелмейді, кәсіби біліктілігін арттыру үшін тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерге де баруға болады. Ол үшін жұмыс беруші «Жаңа серпін» орталығына өтінім берсе жетіп жатыр. Оқу курстарын бітірген соң қорытынды әңгімелесу өткізіледі және одан жақсы өтсе жеке еңбек келісім-шарты жасалады.

 

 «Айта кету керек, Маңғыстау өңірінде соңғы жылдары құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Жаңадан салынып жатқан ғимараттар саны аз емес, әсіресе тұрғынүйлер, кеңселер, әкімшілік ғимараттар, ауруханалар, мектептер, балабақшалар және басқа да әлеуметтік нысандар бірінен соң бірі бой көтеруде. Бұл орайда құрылыс компаниялары кадр тапшылығын сезінуі мүмкін. Сол себепті бүгін осы шараны ұйымдастырдық. Яғни, біздің орталық арқылы дайын маман шығаруға болатынын түсіндіруге тырыстық. Бұл жақсы мүмкіндік екендігін құрылыс компания өкілдері де түсініп отыр», - дейді«Жаңа серпін» орталығы директорының орынбасары Нұрбек Сұлтан.

 

Кездесу барысында белгілі болғандай, құрылыс компаниялары айтарлықтай маман тапшылығын сезінбейді екен. Алайда, мемлекеттік қолдаудан бас тартқысы жоқ, керісінше алдағы уақытта орталықтың көмегіне жүгінуі мүмкін екендігін жасырмады.

 

Айта кету керек, аталмыш бағдарламының тиімді тұстары көп. Қайта даярлау курсынан өтетін жас мамандарға әлеуметтік қолдау қарастырылған. Яғни, ай сайынғы шәкіртақы, тамақпен қамту, жатақхана мен қажет болған жағдайда жол ақысы да төленеді. Сондай-ақ, шалғай ауылдан келген жұмыссыз адамдар тұрақты еңбекпен қамтылған жағдайда, мемлекет есебінен жатақханадан оларға орын беріледі. Бұл туралы «Жаңа серпін» орталығы МКМ баспасөз-хатшысы Майра Досниязова хабарлады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему