Теріс жолға түсуден сақтандырды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 07:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Теріс жолға түсуден сақтандырды

19 Января 2017 (11:06) | 2297 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгінгі таңдағы қоғамды жайлаған әртүрлі теріс пиғылды уағыздаушы, экстремистік көзқарастағы діни ағымдардың жетегінде кетіп, адасудан жастарды сақтандыру бағытында мемлекеттік мекемелерде түрліше шаралар ұйымдастырылуда. Сондай жиындар облыс орталығындағы өрт сөндіру қызметінде де жиі болып тұрады. Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің Ақтау қаласы № 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен № 8 өрт сөндіру бөлімінің жас сарбаздары «Ар-Рахман» мешітінің найб имамы Айдос Муталиевпен кездесті.

            Ашық әңгіме өрбітілген дөңгелек үстел отырысында дін өкілі сарбаздарға иман негіздері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Нақты мысалдарды келтіре отырып, дін, ұлттық салт-дәстүр, имани әдеп негіздері жайлы уағыз айтқан Айдос Жамбылұлы:

            -Аллаһ тағала сіздердің адамдарды қауіп-қатерден қорғап жүрген сауапты істеріңізге береке берсін. Әрбір саланың өзінің маманы болуы керек. Қазіргі таңда, әртүрлі діни ағымдар пайда болып, олар адамдардың теріс жолға түсуіне себепші болып жатыр. Кейбіреулер өз мамандығын, оқуын, кәсібін тастап, адасып, джихад жолын таңдап, Сириядағы соғысқа қатысып, алдаудың құрбаны болуда. Ал егер сол адамдар өзінің мамандығы, кәсібімен айналысқан болса, қоғамға, адамзатқа тигізер пайдасы молырақ болып, алар сауабы да көбірек болар еді.

            Мұсылман адам өзінің әрекетімен басқаға зиянын тигізбегені абзал. Теріс пиғылдылардың жоспары – адамзатты бұзатын үш құрал  араққұмарлық, зинақорлық және нашақорлық сияқты жаман әдеттермен елді бұзу. Тілден, діннен, салт-дәстүрден айырылған халықты оп-оңай соғыссыз – ақ жаулап алуға болатынын көздегендер біздің елімізге де көз салуда.

            Олар сананы улау арқылы жат қылықтарды қоғамға таңуды көздеуде. Сондықтан жат ұғымдарға, теріс ағымдарға алданбау үшін біз өз ана тілімізге, дінімізге, ата салтымызға берік болуға тиіспіз. Ол үшін рухани аштықтан сақтанып, саламатты өмір салтын ұстануға ұмтылуымыз қажет, - дей келе теріс ағымдардың жетегінде кетпеуді ескертті.

 

 

Еліміз Тәуелсіздік алған кезде дін мамандарының жетіспеуі салдарынан, шекарамыздың ашық болуына байланысты әртүрлі діннің атын жамылған миссионерлердің қаптап келуі себебінен түрлі теріс пиғылды жат ағымдардың көбейе түсуі себебіне тоқталды. Сәбиді дүниеге келгеннен бастап діни иммунитетін қалыптастырудың маңызын ескертті. Ата-ананың өзі білмесе, баласын мешіт-медреселердегі діни сауатты адамға апарып, дұрыс білім алуына ықпал етуінің, ұлттық салт - дәстүрге берік болып, имандылықтан таймауға үндеді.

            Құтқарушы сарбаздар да өздерін толғандырған сауалдарын имамға қою арқылы, оларға тұшымды жауап алды.

            Ақтау қаласы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Жалғасбаев Нұрсұлтан Ерсінбайұлы:

            -Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – қазіргі кезде қоғамда орын алып отырған экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағытында түрлі теріс ағымдардың ықпалында кетуден жастарды сақтандыру үшін, дін өкілімен кездестіру арқылы сарбаздарымыздың имандылық туралы түсініктерінің дұрыс болып, діни сауаттылығын арттыру, дұрыс бағыт-бағдар беру, - деген ойын білдірді.

            Мұндай жүздесулердің әр ай сайын болып тұруын қалаған сарбаздар Айдос Жамбылұлымен келесі айда да кездескілері келетінін айтып, діни сауаттылық тұрғысындағы келелі әңгімені жалғастыруға екі жақ та мүдделі екендіктерін білдіріп, тарасты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему