Тұрғын үй комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тұрғын үй комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды

18 Января 2017 (17:07) | 1909 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтау қаласының №2 сотымен талапкер Б-ның «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келтірген тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімдерінің өзіне қатысты тұрғын үй бөлуден бас тарту, тізімнен шығару туралы бөліктерін заңсыз деп тану, күшін жою және құқықтарын қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талапкер Б-ның 03.05.2007 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын азамат, тұрғылықты жағдайының жақсартуын қажет ететін отбасы есебінде тұрғын үй алуға тізімге тұрғаны анықталды.

Талапкердің меншігінде 05.02.1998 жылғы сату-сатып алу шарты бойынша алынған, Ақтау қаласында орналасқан пәтерінің бар болуына байланысты, Заңның 69, 69, 70, 73 баптары негізінде, тұрғын үй комиссиясының 25.03.2016 жылғы хаттамалық шешімімен талапкерді тұрғын үй алу тізімінен шығару туралы қаулы қабылданды. Талапкер құрамында алты адам бар отбасымен бір бөлмелі пәтерде тұрады. Пәтердің жалпы жарамды тұрғын ауданы 19,6 ш.м., ал тұрғын үй ауқымы 13,1 ш.м., яғни тұрғын үйдің ауданы Заңның 75 бабында қарастырыған талаптарға сай келмейді.

06.01.2017 жылғы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, Б.-ны тұрғын үй алу тізімінен шығару туралы бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылды, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес бұзылған құқықтары қалпына келтіруге міндеттелді. Бұл туралы Ақтау қалалық №2сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему