Үй кезегінен шығарылған көп балалы отбасы сотқа жүгінді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үй кезегінен шығарылған көп балалы отбасы сотқа жүгінді

18 Января 2017 (17:05) | 2553 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Ақтау қаласының №2 сотымен талапкер Т-ның «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келтірген тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімдерінің өзіне қатысты тұрғын үй бөлуден бас тарту, тізімнен шығару туралы бөліктерін заңсыз деп тану, күшін жою және құқықтарын қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Т. талап арызында Ақтау қалалық әкімдігінде тұрғын үй алуға үміткер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтардың тізімінде 02.04.2003 жылдан есепте тұрғандығын, жанұясында алты баласы барын, бір баласы туылғаннан мүгедек екендігін, жұбайы «Күміс алқа» медалінің иегері екендігін, алайда пәтер алуға кезегі жақын қалғанда, тұрғын үй комиссиясымен арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, кезектен шығарылғандығын көрсете келе, Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының 31.08.2016 жылғы №11 санды хаттамалық шешімінің тұрғын үй беру туралы арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы бөлігін, 01.11.2016 жылғы №8 санды хаттамалық шешімінің тұрғын үй алу тізімінен шығару туралы бөлігін заңсыз деп танып, күші жоюды және құқықтарын қалпына келтіруді сұраған.

Іске тіркелген 04.01.2000 жылғы сату-сатып алу шарты бойынша талапкердің меншігіндегі Ақтау қаласы, 3-і шағын аудандағы бір бөлмелі пәтерде талапкер өзімен есептегенде жеті адам болып тұратыны көрсетілген.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, Т.-ны тұрғын үй алу тізімінен шығару туралы бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылды, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес бұзылған құқықтары қалпына келтіруге міндеттелді. Бұл туралы Ақтау қаласы №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему