«Прокурордың 100 кеңесі»
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 08:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Прокурордың 100 кеңесі»

18 Января 2017 (11:06) | 2215 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бастамасымен қадағалау қызметінің материалдары негізінде «Прокурордың 100 кеңесі» практикалық кеңестер жинағы әзірленді.

         Бұл құралда заң тұрғысынан күнделікті өмірде жиі туындайтын сұрақтарға жауаптар, яғни отбасына қатысты, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жайлы, бизнес, еңбек қатынастарында туындайтын мәселелер, құқық қорғау органдарымен қатынас, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде, алаяқтан қорғану мәселесі, сот органдарымен қатынастар және өтініш беру кезінде туындайтын мәселелерге қажетті кеңестер берілген.

         Аталмыш кеңестер берілу бағытының бірі - отбасын қорғау мақсатында нақты шаралар жүргізу кеңесі көрсетілген.

         Атап айтқанда, өз балаңызды қалай қорғау керектігі туралы, балаңыз жоғалып кеткен жағдайда қандай іс-шаралар жүргізу және баланы ұстап алу кезіндегі оның құқықтары, сондай-ақ бала асырап алу тәртібі бағытында кеңестер айқындалған.

         Сонымен қатар, құқық қорғау органдарымен қатынасқа тоқталсақ - əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған жағдайда жүргізілетін әрекеттер, құқық қорғау органына жеткізілген және жеке тексеру мен жеке тінтуді қай кезде жүргізе алатыны туралы, сондай-ақ жауап алуға шақырған жағдайда жеке тұлғаға қажетті кеңестер көрсетілген.

Онымен қоса, бүгінгі таңда терроризм мәселесі, яғни діни экстремизм мен терроризмді қаруландыруды қолға алып отырған халықаралық қылмыстық топтар бар екендігі айқын, және олардың тарапынан қауіп төніп тұрғаны сөзсіз.

Бұл санатта, жақын адамыңыз азғырып көндіру тұзағына түсіп қалса, терроризм актісінің жоспарлануын немесе дайындалуын айғақтайтын белгілер болса, эвакуациялау туралы ақпарат алған кезде не істеу керектігі және террористік акт жасау қаупі кезінде адамдар көп жиналатын жердегі тəртіп, яғни діни мəселелер жөнінде ақыл-кеңестер көрсетілген.

Жалпы, ақпараттық шеңбердегі, әсіресе, ғаламторға тиісті мониторинг жүргізіп, бұхаралық ақпараттар құралдары арқылы халықтың назарына заңдылық пен тәртіпті түсіндіру құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алудың басты құралдарының бірі болып табылады.

         Осы бағытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бастамасымен әзірленген практикалық кеңестер жинағымен танысу - жеке тұлғалармен әлеуметтік тұрғыда заңды құқықтары мен бостандықтарын іске асыру жəне қорғау кезінде əрекет етуге нұсқаулық болатыны сөзсіз.

Сондықтан, жеке және заңды тұлғалардың назарына аталмыш практикалық кеңестер жинағымен оқып танысуға және күнделікті тұрмыстық қатынастар кезінде пайдалануға мүмкіндіктері бар екендігін жеткіземіз. 

Аталған кеңестер жиынтығы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сайтында (http://prokuror.gov.kz/rus/advice), 115.kz порталында және смартфондар үшін тегін мобильдік қосымша түрінде (iOS және Android платформаларында) тұрғындарға қол жетімді болып жарияланған.

         Біздің басылымға бұл ақпараттыАқтау қаласының прокуратурасы жолдаған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему