Корей тілін үйрететін жексенбілік мектеп ашылды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 21:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Корей тілін үйрететін жексенбілік мектеп ашылды

17 Января 2017 (15:07) | 2631 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтаулықтарға көне Когуре елінің тілі мен мәдениетін үйреніп, онымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды. 14 шағын ауданда орналасқан «Достық» үйінде жексенбілік мектеп жұмысын бастады. «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова-Хванның айтуынша, аталған мектептегі білім тегін беріледі. Білім орталығындағы дәріс қазақ және корей тілдерінде жүреді.

 

«Чосон» корей этномәдени бірлестігі ашқан оқу орнында әзірге отызға жуық адам білім алып жатыр. Оқушылардың жас шамасы әртүрлі. Жастың да жасамыстың да көздеген мақсаты ортақ. Олар шетел тілін меңгерумен қатар, корей халқының салт-дәстүрімен етене таныса алады.

 

Жұлдыз Бисенова – 9 сынып оқушысы. Жұлдыз жексенбілік мектептің алғашқы сабағына анасымен бірге келді. Корей тілін үйренуге ден қойған жастың келешек арманы – Оңтүстік Кореяда жоғары білім алу.

 

Жұлдыз Бисенова, оқушы:

 - Бүгін менің арманым орындалды. Көптен бері корей тілін оқығым келген. Мектеп ашылғанына өте қуаныштымын. Ең маңыздысы – оқу мұнда тегін. Мен болашақта Кореяда оқығым келеді, дизайнер мамандығына.

 

 Мектепте дәріс қазақ және корей тілдерінде жүреді. Түрлі ұлт өкілдері достығы жарасқан Қазақстан мен Корея Республикасының қалыптасу тарихын терең меңгеруде.

 

 Раиса Маденова-Хван, «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы:

- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өскелең ұрпақтың кемінде үш тілді меңгергенін қалайтынын үнемі айтып келеді. Біздің жастарымыз бірнеше тілде еркін сөйлей алса, әлемнің кез келген елінде өмір сүріп, жұмыс жасауына жол ашылар еді.

 

«Достық» үйінде ашылған оқу орнында дәріс аптасына екі рет өтеді. Келер айда сабақ кестесі ұзаруы мүмкін. «Өйткені, қазақ және кәріс тілдерін үйренуге қызығушылар қатары күн санап артып келеді»,-дейді «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова-Хван.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему