Халықты жұмыспен қамту – басым бағыт!
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 14:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Халықты жұмыспен қамту – басым бағыт!

16 Января 2017 (17:05) | 2010 | Автор: Нурганым Имашева

 

Өткен 2016 жылы «Жаңа серпін» орталығына бос жұмыс орындары бойынша 365 сұраныс түсіп, 306 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның ішінде шалғай ауылда тұратындар саны - 235. Бұл туралы «Жаңа серпін» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің баспасөз-хатшысы Майра Досниязова хабарлады.

Екі қолға бір күрек тапқандар «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы», жүк тасымалдаушы терминалы, Асфальт-битум, құрылыс материалдары, пластикалық құбырлар өндіру, тігін-дизайнер, білім беру, денсаулық сақтау, абаттандыру, құрылыс, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына жұмысқа қабылданған.

Мәселен, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы және «Жаңа серпін» орталығы өткен жылы ынтымақтастық орнату мақсатында 17 Меморандумға қол қойды. Ал өңірдегі мекемелерден 300-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылған.

Оның 100-ден астам мамандық иелері сұраным бойынша Алматыдағы «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ, Ресейдің Санкт-Петербор қаласындағы «Теңіз кадр агенттігі» қоғамдық шектеулі серіктестігі және «Экспорт Инжиниринг» кәсіпорны, Мәскеудегі «Білім саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау» академиясында қайта даярлау курстарынан өткен.

 «Жаңа Серпін» орталығының директоры Қайрат Рыспаевтың мәлімдеуінше, орталық өз кезегінде халыққа арналған қызметтің 17 түрін көрсетеді.

«Жаңа серпін» бағдарламасы туралы Ақтау мен Жаңаөзен қалалары, сонымен қатар Мұнайлы ауданында 125 кәсіпорынға презентация өткізіліп, 671 адам кеңес алды. Орта мектептің жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру үшін облыстың барлық аудандарында болып, барлығы 500-ге жуық түсінік жұмыстары жүргізілді», - дейді ол.

«Жаңа серпін» орталығы МКМ баспасөз-хатшысы Майра Досниязованың айтуынша, «Өңірде еңбек нарығын зерттеген «Жаңа серпін» орталығының мамандары, аса тапшы және жоғары сұранысқа ие мамандықтар тізіміне талдау жасаған».

 -Нәтижесінде, Маңғыстау өңірінде металл жонушы, бақылау-өлшеу аспапатары және автоматика, сауда менеджері, геодезияшы, брокер, логистика саласы, агроном, мал дәрігері, тіс дәрігері, ІТ-маманы, электрші, аспазшы, дәнекерлеуші, құбыр жөндеуші мамандар тапшы екені анықталды.

Ал «Жаңа серпін» орталығына жұмыс іздеп келген 193 адамның түйіндемелері түрлі компанияларға жолданып, 255 түйіндеме қайта өңделуде, - деп хабарлады орталықтың баспасөз-хатшысы.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему