Сот арқылы жер мемлекетке қайтарылды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 22:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот арқылы жер мемлекетке қайтарылды

13 Января 2017 (16:06) | 1724 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер жеке кәсіпкерден  жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы  талап қою арызы қаралды.

Сотта анықталғандай, жеке кәсіпкер Б-ға  Ақтау қаласы әкімдігінің 2007 жылыдң 26 желтоқсан күнгі қаулысымен  сауда кеңсе ғимаратының құрылысын салу және пайдалану үшін, көлемі 0,0390 га жеке меншік құқығымен жер учаскесі берілген. Уәкілеті органмен жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша Б-ның  жер учаскісін пайдаланбағаны  анықталып, жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде ескерту хаты тапсырылған.

Алайда жеке кәсіпкер өзіне берілген жер учаскесін осы уақытқа дейін игермеген және жерді алғандағы мақсатты орындамаған. Мұндай жағдайда, сот талап қоюшының жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талабын толық қанағаттандырып,  жеке меншік құқығымен берілген жер учаскесі мәжбүрлеп мемлекетке қайтарып алынды. Шешім заңды  күшіне енді. Бұл туралы Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему