2017 жылдан бастап полицейлер алатаяқты қолданбайды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 00:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

2017 жылдан бастап полицейлер алатаяқты қолданбайды

30 Декабря 2016 (17:33) | 1694 | Автор: Мира Ботабекова

 

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқшаларды қолданбайтын болады, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен.

«Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибемен танысып, зерттеген болатын. Қазіргі уақытта, бірқатар еуропалық елдерде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқшаны (жезл) қолданбайды.

Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады», - деп атап өтті министрліктен.

Мәлім болғандай, ендігіде полицейлер көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «Тоқта!» деген белгі береді және сонымен бірге, ысқырықты немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды қолданады. Жол ережесін бұзушылар сондай-ақ автопатрульмен тоқтатылатын болады. «Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады», - деп түсіндірді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему