«Жыл адамы – 2016»
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 14:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жыл адамы – 2016»

30 Декабря 2016 (17:30) | 3153 | Автор: Мира Ботабекова

 

Жыл сайын өтетін «Жыл адамы» облыстық сайысының қорытындысы белгілі болды. Дәстүр бойынша шараның басты қонақтары - аймақтың экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық дамуына үлесін қосып жүрген маңғыстаулықтар болды.

2016 жылы «Жыл мұғалімі» номинациясына Ақтау қаласының №13 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Майрамгүл Тұрбекова ие болды. Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша терең ойлау әдістерін пайдалана отырып, халықаралық, республикалық, облыстық «Nalanda», «Жарқын болашақ» олимпиадаларына, «KAZAKHSTAN ART FESTIVAL», «Президент – ел тірегі» республикалық, шығармашылық сайыстарына көптеген шәкірттер дайындаған.

Ақтау қаласының №4 «Аққу» балабақшасының тәрбиешісі Зухра Арынбасарова «Жыл тәрбиешісі» номинациясын жеңіп алды. Ол өзінің жұмысында сахналық дайындық әдістері мен топырақ терапиясын қолданады. «Вместе весело шагать», «Математика в детском саду» атты оқу-әдістемелік жинақтары мен әдістемелік жұмыстардың авторы, сондай-ақ бірнеше басылымдары республикалық журнал беттеріне шықты.

«Жыл ғалымы» номинациясына филология ғылымының кандидаты, доцент Әділет Қабылов ие болды. Әділет Қабылов, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры, 2 монография, 1 оқулық, 10 оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Сондай-ақ, ол 100-ден астам ғылыми мақала және ғылыми-публицистік очерктер жазған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты бағыты – қазақ әдебиетіндегі сатира жанры, Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы келеке.

Облыстық балалар ауруханасының травмотология және ортопедия бөлім меңгерушісі Құрман Қайранов, 2015 жылдан бастап өзінің басшылығымен 600-ден астам әртүрлі қиын дәрежедегі ота жасап, «Жыл дәрігері» номинациясын жеңіп алды. Осы жылы алғашқы рет Ақтау қаласында Құрман Қайранов жаңа туылған нәрестенің өңештік өткеліне эндоскопиялық тәсілмен ойдағыдай ота жасады.

«Жыл мейірбике» номинациясын Назира Еркебаева алды. Ол Бейнеу ауданы ауруханасының Тұрыш фельдшерлік-амбулаториялық пунктінің мейірбикесі.

28 жыл бойы шалғайдағы ауыл тұрғындарына, Матай мен Шағырлы-Шөмекей мал шаруашылығы қожалықтарына үздіксіз алғашқы мединициналық көмек көрсетіп келеді.

Ірі жоба «Aktau Open Fest» – жыл сайын өтетін жастарға арналған музыка мен спорт фестивалінің авторы, облыстық баскетбол федерациясының директоры, «Doma Doma» қоғамдық қорының басшысы Самсон Аракелянға «Жылдың Үкіметтік емес ұйымы» атағы берілді.

«Жыл журналисі» «7292info.kz» пен «Ogni.kz» сайттарының редакторы, жас журналист Айгүл Дәденге берілді.

«Жыл спортшысы» номинациясының үздігі - халықаралық дәрежедегі есту қабілеті бұзылған мүгедектер арасынан шахмат пен шашка ойындарының спорт шебері, жеңіл атлетика және үстел теннисі бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері Наталья Горохова болды. Қазақстан Республикасының бірнеше рет дүркін чемпионы, шахмат ойындары бойынша Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңіл атлетика мен шахмат бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2009 жылдан бері

Маңғыстау облысының мүгедектерге арналған спорт мектебінің спорт нұсқаушысы болып жұмыс жасайды.

Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Амангелді Досжановқа «Жыл полициясы» атағы берілді. Оның басшылығымен құқықбұзушылық пен қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша біраз жұмыстар атқарылды.

«Жылдың мәдениет пен өнер қызметкері» номинациясы бойынша театр мен кино әртісі, Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының жетекші актері Медғат Өмірәлиев атанды.

«Жыл фермері» номинациясының иесі – Маңғыстау ауданының Оңды ауылындағы «Мәтжан» фермерлік шаруашылықтың басшысы Қыдырқожа Манаш болды. Ол бірнеше жыл қатарынан қайырымдылықпен айналысып, тұрмысы төмен отбасыларға, ардагерлерге көмек көрсете отырып, Басқұдық елді мекеніндегі ақсақалдарға газет басылымдарына тегін жазылуды ұйымдастырады.

«Жыл меценаты» - жеке кәсіпкер, Маңғыстау облысы Кик-Тайбоксинг федерациясының президенті Айтқали Тілеумағанбетовке берілді. Әртүрлі республикалық және облыстық деңгейдегі өтетін іс-шаралардың демеушісі. Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы спорт кешенінің жобасын дайындауға тікелей атсалысқан кәсіпкер.

«Үздік әлеуметтік жұмысшы» номинациясының лауреаты Қарақия ауданы Жетібай ауылының жұмыспен қамту және азаматтық актілерді тіркеу бөлімінің әлеуметтік қызметкері - Гүлбану Махамбетова атанды. Мүгедек балаларға сурет салу мен қолөнерді үйретуге үлкен назар аударады. Қамқорлықтағы адамдармен арнайы оңалту бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.

«Жыл мұнайшысы» номинациясы бойынша өмірінің 37 жылын мұнай саласына арнаған №1 «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнай газ өндіретін цехтың операторы Ақмұрат Атшыбаевқа берілді.

43 жыл бойы құрылыс саласымен айналысқан Максим Исмағұлов «Жыл құрылысшысы» номинациясын жеңіп алды. Өзінің жетістігі – мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараты мен Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы 960 орындық жергілікті мектептің құрылыс жұмыстары деп санайды.

«Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтың үздік адамы» «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің сумен қамтамасыз ету бөлімшесінің жоғары шебері Сәдуақас Жарлығапов болды.

«Жыл кәсіпкері» номинациясы 1985 жылы негізі қаланған «Өрнек» Сән үйінің директоры Нурияш Ниязоваға берілді.

«Жыл құрметі» атты номинациясының лауреаты облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Мәди Ташов болды. Мәди Қалашұлының қызметі кезінде оншақты бала ЖОО және арнайы-орташа оқу орындарының түлектері атанды. Өткен 2 жыл ішінде 11 бала қамқорлық пен патронаттық тәрбиеге тапсырылып, 14 тәрбиеленуші өз үйлеріне қайтқан.

«Жыл адамы» номинациясының ең жас иегері Бейнеу ауданының Ж.Қалдығараев атындағы 8 «Б» сынып оқушысы Ғалымжан Күзембаев «Жыл ерлігі» номинациясының лауреаты атанды. Жас батыр өрт сөндіруші бригадасы келгенше, 3 баланы аман-есен өрттен алып шыққан.

«Үздік әлеуметтік жоба» номинациясын «Офлайн және онлайн оқу орталығы «Timur academy» оқу орталығының директоры Тимур Бектұр жеңіп алды. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему