Келінін пышақтап, 9 жылға сотталды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Келінін пышақтап, 9 жылға сотталды

28 Декабря 2016 (23:02) | 1841 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған Х-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Х. Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылындағы пәтеріне спирттік ішімдік ішіп, мас күйінде келеді де, өзінің інісінің әйелімен келіспей қалады. Арада үлкен ұрыс туады. Келіні қайынағасының мас күйінде жүріп, өз күйеуін де ішімдік ішуге үйрететінін айтады.

Х. осы келіспеушілікті сылтау қыла отырып, қасақана, басқа адамның құқығына қарсы қаза келтіру мақсатында, ас үй бөлмесінен асханалық пышағын алып, жәбірленушіге қолындағы пышағымен кеуде тұсынан бірнеше рет және ішкі бөлігінен бірнеше рет соққы беріп, дене жарақатын салған. Келінін 11 жерінен пышақтайды.

Жәбірленуші сотталушы Х-ның келтірген соққыларынан ауыр дене жарақаттарын алып, кеудесі мен ішінен қан кетеді. Дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, медициналық жәрдем көрсетілуінің арқасында жәбірленуші тірі қалған.

«Сот үкімімен көрсетілген баптар бойынша Х. кінәлі деп танылып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Үкім заңды күшіне енді»,-деп хабарлайды Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему