Зорланған 6 жасар қыздың ісі қаңтарда сотта қаралады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Зорланған 6 жасар қыздың ісі қаңтарда сотта қаралады

28 Декабря 2016 (20:51) | 2228 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтауда зорланған 6 жастағы қызға қатысты іс сотқа жетті. Сот жабық режімде өтеді, оған алқа билер қатыстырылуы мүмкін. Алты жасар қызды зорлағаны және өлтірмек болғаны үшін А-ның үстінен қозғалған қылмыстық іс 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына келіп түсті.

 

Еске сала кетсек, 20 тамызда ол «MG-5» көлігімен жолаушылар тасып жүріп сағат 12-лер шамасында 1 шағын аудандағы №29 үйге келіп, көлігін сонда қойған. Ол қасынан өтіп бара жатқан 2010 жылғы 6 жастағы Виктория Мининаны көрген. Ер адам оны ұрлап алып кетіп, адам жоқ жерге апарып зорлаған, содан соң өлтірмек болған. «Қылмыстық іс жабық режімде қаралады, алқабилер қатысуы мүмкін. Күдіктіге бес бап бойынша айып тағылуда ( ҚР ҚК-нің 125 бабының 3 бөлігінің 5 тармағы, 121 бабының 4 бөлігі, 120 бабының 4 бөлігі, 99 бабының 2 бөлігінің 3, 5, 10, 14 тармақтары, 296 бабының 2 бөлігі). Айыпталушы 1984 жылғы Маңғыстау облысының тумасы, үйленген, толық емес орта білімі бар, бұған дейін сотталмаған», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілі Гауһар Нұрханова.

 

Бұған дейін хабарланғандай, 20 тамызда Ақтауда алты жасар қыз жоғалып кеткен болатын. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер баланы өндірістік аймақ ауданынан тапқан еді. Денесінде көптеген жарақаты болған кішкентай қыздың зорланғандығын дәрігерлер анықтаған. Осыдан кейін ҚР ҚК 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды. 27 тамызда ауыр халдегі алты жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан санавиациямен Астанаға жеткізілді.

 

6 қыркүйекте Ақтау полицейлері 6 жасар қызды зорлауға қатысты күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында оның қызды зорлағанын генетикалық сараптама да растағандығы айтылды. Бүлдіршін қыз Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының балалар анестезиологиясы және жан сақтау бөлімінде жатты. Невролог, балалар гинекологы, пульмонолог, окулист, нефролог, эндокринолог, хирург сияқты бейінді мамандардың қатысуымен бірнеше мәрте консультация ұйымдастырылды. Сонымен қатар, телемедицина арқылы Кембридж университеті (Ұлыбритания) және Вена университетінің (Австрия) профессорлары кеңес өткізген еді.

 

21 қарашада елордадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының балалар анестезиологиясы және жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатқан 6 жасар Виктория Минина қаза тапты. Ол осы уақытқа дейін ес-түссіз жатты.

 

Қызды 24 қарашада Ақтауға жерледі. Бастапқы мәліметтер бойынша тергеу ісі 10 том екендігі жария етілді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему