Үздік гимнасшылар республикалық бәсекеде бағын сынайды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 19:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үздік гимнасшылар республикалық бәсекеде бағын сынайды

28 Декабря 2016 (16:08) | 1534 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласындағы ««Каскор-ТрансСервис» АҚ мекемесінің спорт кешенінде көркем гимнастикадан облыстық жарыс өтті.

 Спорт бәсекесі жекелей және топтық жаттығу бойынша өтті. Оған Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы аудандарынан келген 50-ге жуық гимнасшы қыздар қатысып, бақтарын сынады. 8 бен 12 жас аралығындағы гимнасшылар музыка сазымен лента, доп, шеңбер арқылы гимнастикалық жаттығулар жасап, өнерлерін ортаға салды.

Салауатты өмір салтын насихаттап, талантты жастарды қолдау көрсетуге бағытталған турнирді облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.

-Бүгінгі жарыс ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп жатыр. Бұл-көркем гимнастикадан облыстың ашық чемпионаты. Жарысқа Ақтау қаласындағы «Жастар», «Динамо», «Арт лайф» спорт мектептерінің және Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданының 2004-2008 жылы туған қыздары қатысып жатыр. Жарыстан жеңімпаз атанғандардан Маңғыстау облысының құрама командасын жасақтайтын боламыз. Олар 2017 жылы елімізде өтетін республикалық жарыстарға қатысуға жолдама алады. Алғашқы жарысымыз ақпан айында Шымкент қаласында өтеді. Шымкентте ұйымдастырылатын ҚР-ның чемпионатында бүгінгі жарыстан үздік шыққандар қатысып, аймақ намысын қорғайтын болады,-дейді облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің көркем гимнастикадан жаттықтырушысы, облыстың аға жаттықтырушысы Бибігүл Ерназарова.

 

 

Спорттағы сұлулық дегенде, алдымен ауызға көркем гимнастика ілігеді. Ерекше киім үлгісі, әдемі жүріс, ырғақпен қозғалу. Мұның бәрі дәл осы спорт түріне тән. Сондықтан да болар, қызының көркем гимнастикамен шұғылданғанын қалайтын ата-аналар саны аймақта да күн санап артып келеді. Бүгінгі таңда өңірде 1200 қыз көркем гимнастикамен айналысады. Оларды жарысқа білікті алты жаттықтырушы дайындайды.

-Менің жасым 11-де. Көркем гимнастикаға 6 жасымда анам жетелеп әкелді. Осы уақыт аралығында Астана, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларында көркем гимнастикадан өткен жарыстарға қатыстым. Тараз қаласында топтық биден біздің ұжым үшінші орынды иеленді. Келер жылы да биік белестерді бағындырамын деп сенемін. Ол үшін дайындықты мықтап қолға алатын боламыз. Менің арманым-елімнің намысын халықаралық жарыстарда қорғау,-дейді Ұлжан Әбдірахман.

Жарыс қорытындысында 2004-2008 жылғылар арасында Мадина Шабанова («Динамо» спорт мектебі), Ұлжан Әбдірахман («Жастар» спорт мектебі), Жансая Жанбуршиева («Жастар» спорт мектебі), Фатиха Дельмұхамбетова («Жастар» спорт мектебі), Рысбике Сейбағыт («Жастар» спорт мектебі) алтыннан алқа тағып, жеңіс тұғырынан көрінді. Одан бөлек, Мария Түгелбаева («Жастар» спорт мектебі), Диана Оразбай («Жастар» спорт мектебі), Алиса Бозбаева («Динамо» спорт мектебі), Мерейлім Қожахмет («Динамо» спорт мектебі), Аяулым Орынбаева («Жастар» спорт мектебі) күміс медальдің иесі атанды. Қола медальдар Алина Кандаурова («Динамо» спорт мектебі), Әсел Өтебай («Динамо» спорт мектебі), Малика Орынбасар («Динамо» спорт мектебі), Кәусар Жұмабай («Жастар» спорт мектебі), Сабина Тұрғанбай («Жастар» спорт мектебі), Әсемай Емельжановаға («Жастар» спорт мектебі) бұйырды. Жеңімпаз атанғандар облыс намысын алдағы жылы республикалық жарыстарда қорғайтын болады.

 

ФОТО Таланта Кусайн

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему