Жыныстық жолмен берілетін АИТВ/ЖИТС инфекциялар
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 17:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жыныстық жолмен берілетін АИТВ/ЖИТС инфекциялар

21 Декабря 2016 (14:10) | 4264 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысының «Жұқпалы иммун тапшылығы синдромы (СПИД) Орталығының» дәрігер-дерматовенерологы Д.ЧОТБАЕВА жыныстық жолмен берілетін АИТВ/ЖИТС инфекцияларының қаупі жөнінде маман кеңесін ұсынады.

            Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) зерттеулері жыныс жолымен берілетін жұқпамен (ЖЖБЖ) аурушаңдықтың өсуі жалғасып отырғандығын айғақтауда. Бұл қазіргі заманғы ең өзекті медициналық проблемалардың бірі болып табылады. Әлемде күн сайын 340000 ЖЖБЖ адам жұқтырады. Бұл ауру жұқпалы болып табылады, көбінесе ұрықсыздық пен басқа да ауыр асқынуларды туындатады.

            ЖИТС және мерез ауруы адам өліміне апарып соқтыруы мүмкін. ДДҰ статистикалық деректері бойынша әлемде соңғы бес жыл ішінде жыл сайын миллиондаған жаңадан аурулардың: мерез - 12миллион, соз ауруы-50 миллион, урогенитальды хламидиоз-40 миллион, трихомониаз -17 миллион, вирусты гепатит-30 миллион жағдайы тіркелген.

      ЖЖБЖ АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясын жұқтыру қаупін арттырады. Біріншіден, сыртқы ұшық пен мерез секілді жұқпаларда жара пайда болады. АИТВ сол арқылы ағзада жеңіл өтеді.

Екіншіден, соз ауруы және хламидиоз секілді инфекциялар, симптомдары болмаған кездің өзінде АИТВ-ны жұқтыру қаупін арттырады.

Егер адам бойында бір мезгілде ЖЖБЖ мен АИТВ болса, онда АИТВ-ның серіктесіне берілу ықтималдылығы жоғары болмақ. ЖЖБЖ АИТВ терістерімен салыстырғанда, АИТВ оңды адамдар үшін үлкен қауіп төндіреді. Бұл-АИТВ инфекциясы кезінде зақымданған иммун жүйесі ЖЖБЖ-ға қарсы келе алмайтындығына, және осының ауыр өтетіндігіне байланысты болады.

ЖЖБЖ көпшілігін емдеуге болатындығына орай, уақытылы тексеріліп-қаралу және ЖЖБЖ емдету керек. ЖЖБЖ-ның АИТВ инфекциясын таратудағы рөлін ескерсек, ЖЖБЖ саласында алдын алусыз, АИТВ-ның алдын алуды тиімді жүргізу мүмкін болмайды.

Осы секілді инфекциялардың таралуына қарсы күрес АИТВ инфекциясының алдын алудың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс.

ЖЖБЖ көпшілігін емдеуге болатындығына орай, адамдарды медициналық көмекке жүгінуге және ЖЖБЖ-ға тестілеуден өтуіне уәждемелеу керек. Бұл - инфекцияның ықтимал зардаптарынан арылып қана қоймай, сонымен қатар АИТВ-ның берілу тәуекелдігін едәуір азайтады, уақытылы емделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ АИТВ берілу тәуекелдігін шамамен 3 есеге арттыратын, бүгінгі күнге дейін ем қонбайтын инфекцияларға: атап айтқанда, екпенің көмегімен болдырмауға болатын В гепатитіне және әлі күнге дейін екпесі табылмаған гениталды ұшыққа да зор көңіл бөлу керек.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасына қолайсыз әсер ететін ЖЖБЖ мен АИТВ екінші рет жұқтыруды болдырмауда осылардың алдын алу шаралары маңызды рөл атқарады.

Демек, негізінен ЖИТС індетінен аулақ жүрген адамдарға бағытталған алдын алу бағдарламасына қарамастан, АИТВ оңдары үшін қауіпсіз секс қағидалары өте маңызды.

 АИТВ оңымен қауіпсіз секс мәселелерін талқылау кезінде көбінесе еркек/әйел серіктесінің қорғалуына ғана назар аударылады. Соның нәтижесінде адамдардың бойында АИТВ оңдары үшін өзінің сексуалды қауіпсіздігі жайында қамқор болу қажеттілігі жоқ секілді деген әсер қалыптасады.

АИТВ оңды екі серіктес те сексуалды қатынас жасауда қауіпсіз мінез-құлықты ұстану маңызды екендігін еске ұстауы керек. АИТВ оңдылар үшін арнайы әзірленген, арнайы алдын алу бағдарламаларын жүргізу АИТВ-сы бар адамдардың денсаулығын сақтауға көмектесе алады.

ЖЖБЖ мен АИТВ-ға қарсы күрес аясындағы статистикалық деректерді ескеріп, Маңғыстау облысының ЖИТС орталығында 2004 жылдан бері достық кабинеті жұмыс істейді. Мұнда гинеколог, дермато-венеролог мамандары кеңес беру-емдеу көмегін көрсетеді.

Қабылдау дүйсенбі-жұма аралығында 8 сағат 30 минуттан бастап 18 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Осы кабинетте халықтың осал топтарына (секс қызметшілеріне, иньекциалық есірткі тұтынушыларға, еркекпен жыныстық қатынасты еркекке, 18 жастан асқан жастарға) медициналық көмек көрсетіледі.

Халықтың көрсетілген топтары достық кабинетінде мерезге, соз ауруына, трихомониазға, В және С гепатитке, бактериалды вагинозға тегін, анонимді түрде тексеріліп-қаралады.

Достық кабинетінің мамандары сенім пункттерінің мамандарымен бірлесіп далалық жағдайда осал топтардың арасында жүйелі түрде күндізгі және түнгі рейдтер жүргізеді.

Осынау рейдтер кезінде кеңес беру өткізіледі, кейіннен ақпараттық-білім беру материалдары мен мүшеқаптар үлестіріледі, достық кабинетіне қабылдауға шақырылады, осы топтардан жаңадан адамдар анықталады, тікелей сол жерде АИТВ-ға экспресс-тестілеу өткізіледі. Мамандар АИТВ және ЖЖБЖ-ның алдын алу туралы әңгімелесулер өткізеді.

Алдын алу шарасы емдеу шарасынан арзан тұрады. Ауруды емдеуден гөрі, оның алдын алу жеңіл болмақ. Өз денсаулығыңыз мен жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему