Мерекелік тарту
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 16:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мерекелік тарту

20 Декабря 2016 (18:23) | 1739 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлар тұста Маңғыстау облыстық ТЖ Департаментінің бөлімшелеріне жеті арнайы көліктің кілттері табысталды. Қажетті құрал-жабдықтар мен көліктерді сатып алуға облыс бюджетінен қаржы бөлінді.

Қызметтік көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстау Ақтаудағы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өтті. Шараға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев қатысып, өз қолынан кілттерді өртсөндірушілерге табыстады. Автомобильдер Өртсөндіру қызметіне, жедел-құтқару жасағына және Апат медицинасы Орталығына берілді.

Сонымен қатар, шабуыл баспалдағы бойымен жаттығуға және өз-өзін қорғауға арналған оқу-өрт мұнарасы, спорттық жабдықтар, Германия елінде шығарылған Rosenbauer Fox 3 мотопомпалары сатып алынған. Бұл техника 2017 жылы өрт-қолданбалы спорт түрінен аймақта өтетін Чемпионат жарыстарын өткізуге қажетті. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен құтқарушылар үшін 14 машинаға арналған жылы ангар және жылутүтінкамерасы да сатып алыныпты. Бұл жабдықтар Жаңаөзен қалалық өрттен қорғау гарнизонына арналған. Ақтаулық құтқарушыларға мұндай жарақтар 2014 жылы беріліпті.

Сүйіндік Алдашев - МО әкімінің бірінші орынбасары:

- Біздің облысымыз Республикада экономика жағынан алдыңғы қатарда. Сондықтан департаменттің материалдық-техникалық базасын нығайтып, төтеншеліктердің жағдайын жасауға мүмкіндік бар.

 Мамандар кез-келген оқыс оқиға кезінде әрекет етуге әзір. Талапқа сай дайындық та қатаң. Жылдың әр мезгіліне оқу-жаттығу шарасы арқылы, олардың біліктілігі шыңдалады. Дайындық үшін қызметте арнайы кабинеттер де жасақталыпты.

Кез-келген уақытта от пен суға төтеп беретін мамандар өз бастарын қатерге тігіп, өзгеге көмекке келеді. Олардың еңбегі ерлікпен пара-пар. Сондықтан қолдау да бар. Ол  - материалдық базаны жаңарту, мамандарға жағдай жасау.

Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-бастығының орынбасары Назарали Селимов:

- 2016 жылы облыстық бюджеттен 417 миллион қаржы бөлініп, ТЖ саласына қажетті техника, құрал-жабдықтар сатып алынды. Су жаңа техниканың екеуі жедел және апаттық құтқару қызметіне берілді. Қалған бесеуі өрт сөндіруге арналған көлік.

Техногендік және табиғи апаттың алдын алу үшін материалдық база мықты болуы керек. Сондықтан 3 жылда өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің жұмысын оңтайландыру үшін жергілікті бюджеттен 600 млн. теңге бөлінген.

Өрттен құтқару қызметінде облыс бойынша 660 маман қызмет етеді. Облыста 12 өрт сөндіруші бөлімшелеріміз бар. 3-уі Ақтауда болса, 3-уі Жаңаөзенде. Сосын жедел жасақ бөлімдеріміз бар. Фортта, Құрықта бар. Жазда адамдарды теңізде құтқару шараларын ұйымдастырып, осы техникаларды толығымен пайдаланамыз. 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему