25 жұлдызды күн
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

25 жұлдызды күн

16 Декабря 2016 (16:58) | 1706 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

            Ақтаудағы №3 орта мектеп шаһардағы алғаш ашылған білім ордаларының бірі. Қарашаңырақтың жарты ғасырға жуық тарихы бар. Іргетасы 1968 жылы қаланған мектепте қазір тоғыз жүзге жуық оқушы заман талабына сай білім алып жатыр. Қарабаева Ақлима Кеманқызы басшылық ететін ұжым Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын кең көлемде атап өтуді ұйғарыпты. Желтоқсан айының алғашқы күнінен бастап мұнда «Ұлы дала елі 25 жұлдызды күн» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор жиырма бес түрлі салтанатты шара ұйымдастырылды. Халқымыз үшін қасиетті ұлы мерекені 1-сынып оқушыларынан бастап 11-сыныпқа дейін ерекше атап өтіп жатыр.

Теңге – Тәуелсіздіктің нақты белгісі

            Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараларды жоғары дәрежеде өткізу үшін арнайы жоспар құрылды. Салтанатты шаралар тізбегін ата заңды қастерлеуге арналған шаралар бастады. Барлық сыныптарда «Елдің асыл тірегі – ата заң» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілері Қазақстан Конституциясының мәртебесі, оның құрылымы, мазмұны туралы әңгімеледі. Мақсат – оқушыларды құқықтық саналылыққа тәрбиелеу, құқықты, заңды білуге, сыйлауға, құрметтеуге, орындауға дағдыландыру.

            Сонымен қатар мектеп қабырғасында мемлекеттік рәміздерді Елтаңбамызды, Туымыз бен Әнұранымызды насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан-жақты таныстырылды, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасалды. Қуантарлығы, мектеп оқушылары мемлекеттік рәміздердің авторларын айтуда жаңылысқан жоқ. Бүкіл ұжым мемлекеттік Гимнді жатқа айтып шықты.

            Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған шаралар аясында төл теңгеміздің де қадір-қасиеті туралы айтылды. «Алтын теңге тарихы» тақырыбында төртінші және бесінші сыныптарға ашық сабақтар өткізілді. Ұлттық теңгеміздің өзге валюталардан ерекшелігін айшықтау мақсатында сабаққа орыстың рублі, қырғыздың сомы, қытайдың юані, америкалықтардың доллары сияқты әлемнің бірқатар елінің ақшалары әкелінді. Оқушылар салыстырып, бағаларын берді.

ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарынбілдіреді. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

Ұлт көсемінің 150 жылдығы

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған 7 мен 10 сынып аралығында ашық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар «Алаштың азаттық аңсаған ардақтысы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Ә.Бөкейхановтың өмірінен сыр шертетін, жан-жақты мағлұматтар беретін кітаптар, фотосуреттер мен газет-журналдар қойылды.

Әлихан Бөкейханов былтыр ЮНЕСКО аясында бүкіләлемдік дара тұлға деп танылған болатын. Әлихан Нұрмұхамедұлы - соңғы хан-сұлтандардың бірі - Бөкейдің тікелей ұрпағы. Бөкейдің 1816 жылы хан тағына отыруынан тура 50 жыл өткен 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Ол көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист.

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

         Тұңғыш Президент күніне орай, мектептегі барлық сыныптарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Оқушыларға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, еңбек жолы, қандай оқушы, қандай студент болғандығы, саясаттағы орны туралы толық мағлұмат берілді. «Аталмыш сабақтардың негізгі мақсаты - жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашып, жеткізу, еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту, Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу»,-деді №3 мектеп мұғалімдері.

8 сынып оқушылары арасында «Ұлы дала елінің тарихы» тақырыбында «Не? Қайда?Қашан?» зияткерлік ойындары ұйымдастырылды.Сайыстың мақсаты: 1.Оқушылардың тарих пәні бойынша білімдерін кеңейту, білім деңгейін,шығармашылық ізденісін байқау. Оқушылардың арнайы пәндерден алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.2.Сұрақтарға толық әрі сауатты жауап беру дағдысын қалыптастыру.3.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Бірнеше топқа бөлінген оқушылар сонау сақ, ғұндардан бергі тарих, Қазақ хандығының құрылуы, Алашорда тұсы, тәуелсіздікке қол жеткізу мен одан кейінгі табысты жылдар туралы сұрақтар төңірегінде білім сайыстырды.

Мамандық таңдау – маңызды қадам

Болашақта мамандық таңдауда жаңылыспау - маңызды қадамның бірі. Бұл бағытта мектеп басшылары 10-11 сынып оқушыларына жәрдемдесу мақсатында әртүрлі сала мамандарымен кездесу ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары өздері қызыққан кәсіп иелеріне сауалдарын қойды. Дөңгелек үстел басында мамандық таңдауда дұрыс қадам жасау керектігі, болашақта жылдар бойы бірге болатын кәсіпті адамның өзі таңдау қажеттігі туралы айтылды. Өз кәсібін шын сүйген адам ғана нағыз маман бола алады.

Ел егемендігінің 25 жылдығын тойлау барысында мектеп шәкірттері мәнерлеп оқудан сайысты. «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ» тақырыбында жыр шумақтарын әсерлі жеткізген балғындар жүлделі орындарға ие болды. Ал, мектептің өнерпаздары патриоттық әндер байқауында бақтарын сынауға мүмкінідк алды. Туған жер, Отан, Қазақстан туралы әндер айтылды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Дене тәрбиесі мұғалімдерінің ұйтқы болуымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, флешмоб өтті. 7-сынып оқушылары «25» санын өрнектеді. Ал, барлық сынып оқушыларының қатысуымен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары ептілік пен жылдамдықты анықтайтын түрлі спорттық ойындардан жарысқа түссе, орта және жоғары сынып оқушылары волейбол, баскетбол және футболдан өзара мықтыны анықтады. Қасиетті мереке мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысқан салтанатты жиынмен қорытындыланды.

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему