Жүрегі мейірім шуағына толы жан
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 04:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жүрегі мейірім шуағына толы жан

7 Мая 2014 (03:28) | 6701 | Автор: Редакция

 

Жасы 75-ке толатынына қарамастан Людмила Федорқызы әлі де еңбектен қол үзген емес. Ол кісіні қашан көрсең де, жүзінен нұры төгіліп, күлімдеп, айналасына шуақ шашып, жарқырап жүргенін көресің. Адамдарға деген мейірімі, жүрегінің жылуы сонша, ешқашан қабағын шытқанын көрмейсің. Зейнет жасына баяғыда-ақ шықса да әлі ширақ қалпында. №1 Ақтау қалалық емханасының функционалдық диагностика бөлімінің медбикесі болып қызмет ететін Людмила Федорқызы Крапиваны әріптестері де құрметтесе, алдына келген кез-келген сырқат оның шуақ шашқан мейірімді жүзі мен жылы сөздерінен кейін-ақ сырқаттарын ұмытып, өздерін жайлы сезіне бастайды.

 

Кейіпкерімізбен танысуымыз оның жұмыс кабинетінде өтті. Өзінің Ұлы Отан соғысы кезінде Белоруссия жерінде өткен балалық шағын еске алған Люся апай әсерлі етіп әңгімелеп бергенде, сол кездердің суреті көз алдымыздан тізіліп өте шыққандай болды.

 

Жетімдіктің ащы дәмін ерте татқан ол 1941 жылы майданда қаза тапқан әкесінен айырылса, 1946 жылы анасынан жетім қалады. Туыстарының тәрбиесін көріп бой жеткен соң, мектепті тамамдап, Лермонтов қаласындағы үлкен ағасының қамқорлығына тап болады. Біртіндеп жұмысқа тұрып, оқуға түсуді ойластырып жүргенде болашақ өмірлік жарымен кездеседі. Ол Люсяның оқимын деген талпынысын құптайды, өзі де білім алуды қалайды. Сөйтіп 1960 жылы тұңғыш ұлдары өмірге келеді. Жанұялы болғанына қарамастан мамандық алуды кездеген Люся 1962 жылы Пятигорскідегі медбикелер дайындайтын оқу орнының күндізгі бөліміне түсіп, білім алады. 1965 жылы қызыл дипломмен оқуын аяқтаған ол күйеуі және ұлы үшеуі жаңадан ашылған Ақтау қаласының алғашқы тұрғындарының бірі болып, Маңғыстау өлкесіне көшіп келеді.

 

Аймақтың денсаулықсақтау саласының алғашқы мамандарының бірі ретінде кезінде ХГМЗ кәсіпорны аталған үлкен өндіріс орнында фельдшер болып қызмет еткен Людмила Федорқызы 10 айдан соң тәжірибесін тереңдету мақсатында балалар бөліміне ауысып кетеді.

 

1966 жылы қызы дүниеге келіп, өскеннен кейін емханаға қызметке тұрған Люся апай сонда 8 жыл еңбек етті. Кейін балалар емханасының құлақ, мұрын, тамақты емдеу бөліміне ауысады. Сол жерде жұмыс жасап жүрген кезде қолы дәрі-дәрмектің әсерінен күлбіреп кеткендіктен, еңбек ету орнын ауыстыруына тура келеді. Сөйтіп қалалық емхана жанынан оқыту курстары ашылған кезде функционалдық диагностика мамандығына оқып, жаңа кәсібі бойынша жұмыс орнының босауын күтеді. Аз уақыт ішінде зейнетке шыққан маманның орнына жұмысқа қабылданады.

 

Сөйтіп бүгінгі күнге дейін Людмила Федорқызы №1 Ақтау қалалық емханасының функционалдық диагностика бөлімінің медбикесі болып қызмет етуде. Биыл күзде қазан айында мерейлі 75 жасын тойлағалы отырған тәжірибелі маман Ақтау қалалық ауруханасы болса, қала үшін өте тамаша болар еді деген ойымен бөлісті.

 

Өзінің еңбек жолында білікті дәрігерлердің көп кездескеніне риза екенін білдірген Людмила Крапива, оларды есіне түсірді. Жадында бәрі де жаңғырып тұр. Зейнетке шығып кеткен күнде де,  жұмыссыз үйде қарап отыра алмайтынын да жасырмады.

 

50 жылға жуық кардиолог дәрігер болып қызмет етіп келе жатқан Меджанова Бибат Жалмағамбетқызы: «Людмила Федорқызы-ерекше жан. Мұндай адамдар қазір жоқ десе де болғандай. Өте білгір маман. Интуициялық тұрғыда келген адамның сырқатын сезініп тұрған болса, теориялық білімі одан да мықты. Менің оң қолым. Өте сенімді адам.

 

Бұл кісі бұрынғы мектептің шекпенінен шыққан. Қазір көптеген жас мамандар осы кісіден тәжірибе жинақтап, үйренуде. Мен бұл кісінің отбасын да жақсы білемін. Барлығы да жақсы адамдар.Осындай жандармен араласқаным үшін қуаныштымын»,-деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему