Маңғыстаулық 200 оқушы зияткерлік мектепте бір күн білім алды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 00:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық 200 оқушы зияткерлік мектепте бір күн білім алды

12 Декабря 2016 (23:11) | 3167 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  желтоқсанның 10-ы күні «Біз - Тәуелсіздіктің елшілеріміз» атты ашық есік күні өтті.

 

 Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ барлық филиалдарында ұйымдастырылған ашық есік күніне Маңғыстау облысындағы жалпы білім беру мектептерінде 4-11 сынып аралығында оқитын оқушылар бір күн білім алып, зияткерлік мектептің білім беру жүйесімен танысты.

 

            «Ашық есік күні» таңғы сағат 09:00-де басталды. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған оқушыларды алдымен мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері қарсы алды. Содан соң мектеп акт залында әлеуметтік жобаларға, үйірмелерге, шетелдердегі қосымша білім алу курастарына қатысқан оқушылар таныстырылым өткізді.

 

«Туған елге тағзым», «Шаңырақ», «TEDx NIS», «100 күйдің тарихы», «100 кітап», «Қазақтың 100 әні» сынды жобалармен қатар, шет елде білім арттыру мүмкіндіктері, оқушылар атқаратын қайырымдылық жұмыстары тыңдалды.

 

Содан соң жалпы орта мектеп оқушылары топтарға бөлініп, ағылшын тілі, өнер, робототехника, физика, биология, химия  сабақтарына кірді. Бекітілген сабақ кестесі бойынша физика, математика, химия, биология сабақтарында STEM білім беру бағыттары бойынша зертханалық жұмыстар көрсетілсе, робототехника, авиамодельдеу сабақтарында робот құрастыру және бағдарламалау, ұшақты модельдеу жұмыстары түсіндірілді.

 

 Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнінде спорттық ойындар ойналып, бой сергітілді. Ал өнер сабағында эбру техникасы (су бетіне сурет салу), кивлинг, витраж, қыш құмыра жасау өнері көрсетіліп, балалар өз қолдарымен бұйымдар жасады. Сондай-ақ, оқушылар ағылшын тілін оқып, хореография сабақтарына да қатысты.

            Зияткерлік мектептерінде білім алу мүмкіндіктері, 7-сыныпқа іріктеу, каникулярлық және виртуалдық мектептеріне тіркелу бойынша оқушыларға және ата-аналарға арналған консультациялық бекеті жұмыс істеді.

Таңғы және түскі аспен қамтамасыз етілген оқушыларға түстен кейін мектепте өткізілетін үйірмелердің қатысушылары концерт қойды. Олар ән айтып, би билеп, көріністерді сахналады.

Концерт барысында республиканың түкпір-түкпіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерімен онлайн байланыс орнатылып, бір уақытта республика бойынша 100 балаға  EXPO-2017 (Маңғыстаудан 5 оқушыға) көрмесіне жолдама ретінде және Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері жанындағы 5-күндік жазғы лагерьге қатысуға мүмкіндік беретін сертификат табыс етілді.

Маңғыстау облысынан алдағы уақытта Сарттар Баян, Нұрсұлтан Нұрланұлы, Мейрамгүл Аралбай, Диана Варибрус, Роман Пугачев есімді оқушылары EXPO көрмесіне аттанатын болады.

-Маған бүгінгі ашық есік күні қатты ұнады. Біздер бүгін бір күн зияткерлік мектепте білім алдық. Бірінші сабақта біз өнер сабағында батпырауық жасауды үйрендік. Балгүл Жамағамбетова  апай бізге алдымен батпырауық жасау туралы видео көрсетті. Содан кейін өзіміз қолда бар заттардан жасадық.

Ал сабақ соңында оны аспанға ұшырдық. Ал бүгін мен EXPO-2017 көрмесіне бару сертивикатына ие боламын деп мүлде ойлмаған едім. Қуана, қуана көрмеге барамын,- дейді сертификатқа ие болған Диана Варибрус.

 Айта кетейік, бұл жолдамаларға қаражатты зияткерлік мектеп оқушылары мен ұстаздары қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу арқылы жинаған еді.

«Ашық есік күні» туралы бұл ақпаратты біздің басылымға Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі жолдады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему