Балуандардың байрақты бәсекесі өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 15:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балуандардың байрақты бәсекесі өтті

12 Декабря 2016 (19:27) | 1972 | Автор: Нурганым Имашева

        

 

 

 

Ақтауда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Маңғыстау облысындағы дзюдо күресінің 35 жылдығына орай дзюдодан облыстық чемпионат өтті. Спорт бәсекесіне 1997-1998 жылы туған 110 ұл мен қыз қатысып, боз кілемде белдесті.

         -Басты мақсат - дзюдошылардың шеберлігін шыңдау, жастарды ҚР чемпионаттарына іріктеу. Сонымен қатар, 2017 жылы аймақ намысын Әлем, Азия чемпионаттарында қорғайтын балуандарды анықтау, облыстың құрама командасын жасақтау.

Жалпы, биылғы жыл Маңғыстау дзюдо күресінің тарихында жетістіктерге, толағай табыстарға толы болды. Облыс орталығында дзюдодан өткен халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирдің бетпе-бет кездесуінде облыстық «Жастар» спорт мектебінен жасақталған құрама команда бірінші орынды иеленді, жеке салмақта да облыс балуандары жоғары көрсеткіш көрсетті.

Одан бөлек, республикалық, халықаралық жарыстарда да балуандарымыз топ жарып, аймақ намысын абыроймен қорғады.

Маңғыстаудың спорт тарихында алғаш рет дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер арасында балуанымыз Әмірбек Жеңісов Ел чемпионы атанды. Словенияның Градек қаласында дзюдодан өткен халықаралық турнирде шәкірттеріміз Нұрсұлтан Манарбекұлы мен Нұрбек Қуанышұлы алтыннан алқа тақты.

Жақында ғана облыс орталығында өткен республикалық жарыстың қорытындысында аймақ балуандары 13 алтын медальдің иесі атанды.

Мұның барлығы, әрине, күні-түні тынымсыз еңбектеніп жүрген облыс бапкерлері еңбегінің жемісі, - дейді облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.

         Тартысты өткен жарыста Бауыржан Нарбаев («Жастар» спорт мектебі), Рамазан Мамаев («Жастар» спорт мектебі), Сұңғат Жұбатқан («Жастар» спорт мектебі), Бағдат Ерғазы («Жастар» спорт мектебі), Руслан Мусаев («Жастар» спорт мектебі), Көшкінбай Қобылан («Жастар» спорт мектебі), Нұрбол Елубаев (Жаңаөзен қаласы), Ақылбек Айжарықов («Жастар» спорт мектебі), Жанбота Мұқанова («Жастар» спорт мектебі), Айкүн Рахметова («Жастар» спорт мектебі), Зина Хасан («Жастар» спорт мектебі), Анель Қадыр (Түпқараған ауданы), Әлия Тлепова («Жастар» спорт мектебі), Ақниет Тұрдан («Жастар» спорт мектебі), Гүлнұр Мақсетова («Жастар» спорт мектебі) алтыннан алқа тағып, тұғырдың ең биік сатысынан көрінді.

         -Жарыстан жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Биылғы жылы Грузияда жастар арасында дзюдодан өткен турнирде алтынды, Польшада дзюдодан өткен халықаралық турнирде қола медальді иелендім.

Орал қаласында жастар арасында самбодан өткен Ел біріншілігінде жүлдегер атандым. Алдағы жылы облыс намысын республикалық, халықаралық жарыстарда абыроймен қорғап, елімнің әнұранын асқақтатып, көкбайрағын желбіретемін, - дейді жарыста 55 келі салмақта белдескен балуан Бауыржан Нарбаев.

         Жалпы командалық есепте Ақтау қаласы бірінші орынды иеленсе, екінші орынға Маңғыстау ауданы көтерілді. Үшінші орынға Түпқараған ауданы тұрақтады.

 

Жарыстың қорытындысы: Ұлдар

55 келі салмақ

  1. Бауыржан Нарбаев («Жастар» спорт мектебі)
  2. Айсерік Сейілханов(«Жастар» спорт мектебі)
  3. Наурызбай Бағдат («Толқын» спорт мектебі)

    Қуандық Нұржас («Жастар» спорт мектебі)

60 келі салмақ

  1. Рамазан Мамаев («Жастар» спорт мектебі)
  2. Аманбек Құлқаев(«Жастар» спорт мектебі)
  3. Нұрболат Сеңғалиұлы («Жастар» спорт мектебі)

    Тынышбек Халымов («Жастар» спорт мектебі)

66 келі салмақ

  1. Сұңғат Жұбатқан («Жастар» спорт мектебі)
  2. Бауыржан Сағынғалиұлы(«Жастар» спорт мектебі)
  3. Нұртас Жеткіншеков («Шоғы батыр» мектебі)

    Қуанышбек Итібаев («Шоғы батыр» мектебі)

73 келі салмақ

  1. Бағдат Ерғазы («Жастар» спорт мектебі)
  2. Бауыржан Рахымжанов(«Толқын» спорт мектебі)
  3. Бақдәулет Далухан (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

    Жанболат Оралбаев («Шоғы батыр» мектебі)

81келі салмақ

  1. Руслан Мусаев («Жастар» спорт мектебі)
  2. Қанағат Қойжан(«Жастар» спорт мектебі)
  3. Жанқуат Амандық («Толқын» спорт мектебі)

    Айболат Жылқыбаев («Шоғы батыр» мектебі)

90 келі салмақ

  1. Көшкінбай Қобылан («Жастар» спорт мектебі)
  2. Абыл Шаңдиев(«Жастар» спорт мектебі)
  3. Айдос Халықназаров («Шоғы батыр» мектебі)

    Бектас Маратов («Толқын» спорт мектебі)

100 келі салмақ

  1. Нұрбол Елубаев (Жаңаөзен қаласы),
  2. Еламан Асханбаев(«Жастар» спорт мектебі)
  3. Е. Мұратбеков (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

    А. Мұратбайов (Түпқараған ауданы)

+100 келі салмақ

  1. Ақылбек Айжарықов («Жастар» спорт мектебі),
  2. Расул Әбдіхалық(«Толқын» спорт мектебі)
  3. Жарас Саудабаев (Түпқараған ауданы)

    Расул Ордабаев (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

Қыздар.

44 келі салмақ

  1. Жанбота Мұқанова («Жастар» спорт мектебі)
  2. Айгерім Еламанова(«Жастар» спорт мектебі)
  3. Айжан Есірпекова(Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

48 келі салмақ

  1. Айкүн Рахметова («Жастар» спорт мектебі)
  2. Тілектес Жолдығариева(«Толқын» спорт мектебі)
  3. Венера Раушанова (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

52 келі салмақ

  1. Зина Хасан («Жастар» спорт мектебі)
  2. Қалимаш Жексенова(Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)
  3. Алтынай Дуанова(Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

57 келі салмақ

  1. Анель Қадыр (Түпқараған ауданы)
  2. Айбану Нигматулаева(«Жастар» спорт мектебі)
  3. Эльмира Хасан(«Жастар» спорт мектебі)

    Самал Қуанбаева («Толқын» спорт мектебі)

63 келі салмақ

  1. Әлия Тлепова («Жастар» спорт мектебі)
  2. Гүлім Қайырова («Толқын» спорт мектебі)
  3. Индира Бектұрова (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

70 келі салмақ

  1. Ақниет Тұрдан («Жастар» спорт мектебі)
  2. Рашида Салауатова(«Толқын» спорт мектебі)
  3. Гүлшат Жетпісова(Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

+70 келі салмақ

  1. Гүлнұр Мақсетова («Жастар» спорт мектебі)
  2. Қарлығаш Демеуова (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)
  3. Қаламқас Ідірісова(Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)

 

        

        

        

        

        

        

        

        

        

        

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему