Ақтауда алғаш рет кемелер аялдайтын айлақ ашылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 20:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда алғаш рет кемелер аялдайтын айлақ ашылды

11 Декабря 2016 (14:22) | 1937 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Ақтау халықаралық теңіз сауда портында әскери кемелер аялдайтын айлақ ашылды. Бұл еліміз егемендік алғалы алғаш рет қолданысқа берілген әскери мақсаттағы нысан.

3 млрд теңге бөлінген жобаның алғашқы кезеңі аяқталды. Ұзындығы 400 метрлік кешен бір мезгілде он бір кеме қабылдай алады. Жаңа жылға дейін Баутинода шоғырланған қазақстандық әскери-теңіз флоты толық құрамда Ақтауға жеткізілмек.

Қазір кешеннің гидротехникалық құрылымына қатысты жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Бұған дейін әскери-теңіз күштеріне қарасты кемелер Түпқараған ауданындағы Баутино портында шоғырланып келген еді. Бұл өз кезегінде облыс орталығында тұратын теңізшілердің жұмыс орнына қатынауына қиындық тудыратын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында осы мәселе оңтайлы шешімін тапты.

Жандарбек Жанұзақов, ҚР Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы:

- Баутино айлағын осы күнге дейін жалға алып келгенбіз. Оның үстіне ол порттан әскери кеменің ашық теңізге шығуына алты сағат жұмсалатын. Ақтау портына көшкелі уақыт төрт сағатқа қысқарды. Сәйкесінше, Қазақстан теңіз қақпасына қалқан болар заманауи жауынгерлік кешен салынды. Келер жылы әскери айлақтың инфрақұрылымы жетілдіріледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему