Маңғыстауда жыл басынан бері 12108 адам жұмысқа орналастырылды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 23:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда жыл басынан бері 12108 адам жұмысқа орналастырылды

11 Декабря 2016 (09:27) | 1271 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

 «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамту және тұрғындардың аз қамтылған топтарын қолдау» бағыты бойынша сараптама тобының кезекті отырысы өтті.

Жиынға Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының  басшысы Гүлмира Қалмұратова, Ақтау қалалық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі басшысының орынбасары Қытай Құсайынова, облыстық мәслихат депутаты Дмитрий Клинчев қатысып, жұмыссыздықпен күресу бағытында облыста атқарылған істерді саралап, алдағы міндеттерді талқылады.

-Бүгінгі сараптама тобының отырысына шығарылған мәселе өте маңызды және өзекті деп білемін. Себебі жұмыспен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың, әлеуметтік тұрақтылықтың негізі.

 Мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты алдымен экономикалық өсудің  маңызды факторы ретінде еңбек ресурстарының сапасын және кәсіптік құзыреттерін, нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

 Сондықтан да өңірімізде негізгі даму бағдарламаларын жүзеге асыру барысында басты индикатор ретінде  жаңа жұмыс орындарын құру  («Нұрлы жол», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», Өңірлерді дамыту бағдарламасы), сәйкесінше, жүзеге асырылып отырған бағдарламалардың халықты жұмыспен қамтудағы тиімділігі бағаланып және бақыланып отырады, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова. 

Облыста мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру нәтижесінде соңғы үш жылда жұмыспен қамтылған халық саны 259,1 мың адамнан 283,9 мың адамға дейін артқан. Жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан 5,1 пайызға дейін төмендеген. Ал, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 7,9 пайызды құраса, 2016 жылы 5,9 пайызға дейін түскен.

-Халықты жұмыспен қамту тарлы заңға сәйкес 29 жасқа дейінгі жастар жұмысқа орналастыруда басымдыққа ие мақсатты топқа жатады.

Жұмыспен қамту органдарына ағымдағы жылы жұмысқа орналастыруға ықпал ету жөнінде хабарласқан 16203 адамның 7783 немесе 48 пайызы жастар.

Жыл басынан бері 12702 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылып, 12108 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінен 5036 адам немесе жұмысқа орналастырылғандардың 41,5 пайызы жастар. Сонымен бірге жұмыспен қамту туралы өтініш білдірген жастардың 64,7 пайызы жұмысқа орналастырылды, - дейді Гүлмира Қалмұратова.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему