Алаяқтың - жолы көп, бірақ мақсат бір!
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алаяқтың - жолы көп, бірақ мақсат бір!

11 Декабря 2016 (09:20) | 1586 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

         Соңғы кезде облыс аумағында алаяқтардың әр түрлі жолдармен адамдарды алдануда. Оның ішінде ең көп тараған түрлері - ол алаяқтардың жәбірленушілерді жалақысы жоғары мұнай мекемелеріне жұмысқа орналастырамын, жаңа салынып жатқан шағын аудандардан арзан бағамен үй алып беремін деп,ақша қаражаттарын иемденуі болып отыр.

Мысалы, «А» есімді азаматша жаңа шағын ауданында 5 000 000 теңге тұратын 3 бөлмелі пәтерді сатып алуға болатындығын айтып, жәбірленушіні алдап, сеніміне кіріп, қолма-қол ақшаларын алған. Алайда, арада 6 ай өткеннен кейін жәбірленуші өзінің сеніп табыстаған ақшаларына қарамастан ешқандай пәтерді ала алмайтынына көзі жетіп, Ақтау қаласы ІІБ-на алаяққа алданғаны жөнінде арызданған.

 Сөйтіп, жәбірленушінің арызы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен сотқа жолданған болатын.

Басты сот талқылауы кезінде анықталған «А»есімді сотталушы бір неше рет алаяқтық үшін сотталғандығы, жәбірленушіден алаяқтық жолмен ақша алғандығын толығымен мойындап, нәтижесінде өзінің алаяқтық жолындағы істеген қылмыстық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, Ақтау қалалық сотының үкімімен мүлкі тәркіленіп, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жылжымайтын мүлікке қатысты жоспарлау барысында, әр адам өзін алаяқтардан қорғау туралы ойлануы керек. Ол үшін жылжымайтын мүліктің бағасына назар аударған жөн, өйткені пәтерлер тым арзанға сатылмайды. Ең алдымен құжаттарды көріп, тексеріп алу қажет.

Сондықтан алаяқтың қалтасын толтырмай, мұқият болған жөн, - деп ескертедіАқтау қаласы прокуртурасының бөлім прокуроры 2-ші сыныпты заңгер Қ. Қаракүшікова.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему