Ішкі істер департаментінің үздік қызметкерлері марапатталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ішкі істер департаментінің үздік қызметкерлері марапатталды

9 Декабря 2016 (16:56) | 1739 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облысы ІІД-де 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға ішкі істер органдарының ардагерлері, басшы құрамы, барлық ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты.

 

            Шара Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметін баяндайтын бейнероликті көрсетуден басталды. Бейнесюжет көрсетілімі аяқталған соң, Қазақстан Республикасының Гимні ойналды.

 

            Тұңғыш Президент күніне арналған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың құттықтау хаты оқылды. Қ.Қасымовтың құттықтау хаты төмендегі мазмұнда оқылды:

            -Қазіргі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен қазақстандықтардың әл-ауқатын үздіксіз арттыруға негіз болатын тиімді экономика құрылды, халықтың бірлігі нығайып, қоғамда бейбітшілік пен түсіністік орнады.

Қазақстандық полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар бөліністерінің қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі өздерінің қызметтік және әскери борыштарын абыроймен орындауға бар күштерін салады деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық және бейбітшілік, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін атқаратын қызметтеріңізге табыс тілеймін.

 

            Алғашқы мерекелік  құттықтау сөзді Маңғыстау облысы ІІД бастығы Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков алды:  

  -1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы өзінің кемеңгер таңдауын жасады, уақыт бұл таңдаудың дұрыстығын көрсетті. Бүгінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен Қазақстан экономикалық гүлденген, демократиялық және әлеуметтік мемлекет болып қалыптасты деп толық сеніммен айта аламыз.

       Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституциялық құқығын және бейбітшілігін қамтамасыз ететін жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа замаңғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды.

 

Келесі кезекте сөз кезегі Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нағашыбай Омарұлы Жариевке берілді. Нағашыбай Омарұлы алдымен салтанатты шараға қатысушы ардагерлер мен қызметкерлерді атаулы мерекемен құттықтап, қызметтеріне табыс, отбасыларына саулық тіледі.

-Нұрсұлтан Әбішұлы – бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның Тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы «тар жол, тайғақ кешуді» халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер.

         Елбасының сындарлы саясатының арқасында ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық келісім үдерістері өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеге көтерілді, - деп аяқтады сөзін Нағашыбай Омарұлы.

Мерекелік шараның аясында өз қызметтерін мінсіз атқарған тәртіп сақшыларын марапаттау рәсімі өткізілді. Ішкі істер департаменті Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Садақбаев Мұхтар Қанғалиұлы қызметкерлерді марапаттау туралы бұйрықтармен таныстырды. ҚР Ішкі Істер Министрлігінің «Грамотасымен», «Алғыс хатымен» бірнеше тәртіп сақшысы марапатталып, бірнеше қызметкерге Министрліктің «Алғысы» жарияланды.

Бірқатар үздік қызметкерлер Облыстық ІІД-нің «Құрмет Грамотасы», «Мақтау қағазы» және «Алғыс хатымен» марапатталды.

 Шараның екінші бөлімі ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшімен ұйымдасқан концерттік бағдарламаға жалғасты.

 Салтанатты шараның соңы Ақтау қалалық орталық кітапхана қызметкерлерімен ұйымдастырылған «Елбасы мұраты – Ел мұраты» атты ел Президентінің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін көрмесін тамашалауға ұласты.

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему