Мемлекеттік қызметке орналасудың өз тәртібі бар
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекеттік қызметке орналасудың өз тәртібі бар

7 Декабря 2016 (10:40) | 2760 | Автор: Мира Ботабекова

 

2015-жылдың соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» №12 бұйрығы шығарылып, 2016 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген болатын.

            Ең алдымен әрбір мемлекеттік органдар біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департамент арқылы бекітеді. Кейін бекітілген талаптардың әр санаттарында тиісінше өзіндік талаптары бар. Яғни, жұмысқа орналасуымен қатар, тағайындау да конкурстар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Барлық конкурстардың өткізу бойынша ақпараттар кyzmet.gov.kz интернет сайттарында бос лауазымдарға жарияланған хабарландырудан көруге болады. Атап айтқанда, конкурстар өткізу үшін үш кезеңнен тұрады.

            Бірінші кезең - сот саласындағы қызметкерлері арасында өткізілетін ішкі конкурс.

            Екінші кезең - барлық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ішкі конкурс.

            Үшінші кезең – төменгі лауазымдарға жалпы конкурс.

            І. Сот саласындағы қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс өткізудің тәртібі - хабарландырулар жарияланған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде ішкі конкурс өткізіледі. Мұнда, тек атқаратын қызметінен басқа қызметке тағайындауға жол беріледі. Яғни, осы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшінің №2 нысандағы өтініші және персоналды басқару бөлімімен расталған қызметтік тізімді қолма-қол немесе хабарландыруда көрсетілген электронды пошта арқылы жолданып, кейін жолданған тиісті құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырылады. Әр қарай, тапсырылған құжаттар бойынша арнайы комиссия отырысында қарап, біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлерді әңгімелесу жіберу туралы екі жұмыс күн ішінде шешімдер қабылдап, оларға сұрақтар тізбесі бекітіледі. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімімен, әңгімелесудің өтетін күні және өткізілетін орны туралы ақпарат арнайы интернет-сайттарында жарияланады. Ал, әңгімелесуге рұқсат алмаған конкурске қатысушыға шешім қабылданған кейін, бір жұмыс күн ішінде конкурс хатшысы хабарлайды. Содан соң, әңгімелесуге арнайы байқаушыларды және әңгімелесуге жіберілген үміткерлерді шақыртылып, отырыс өткізіледі. Әңгімелесу отырысы техникалық жазба құралдары қолдыналады. Әңгімелесу отырысы аяқталған соң, екі жұмыс күнінен кешіктірілмей әңгімелесудің қорытынды отырысы болады. Содан соң, оң қорытынды алған қызметкерлер туралы ақпараттар арнайы сайтқа жарияланады. Конкурс комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткен кейін оң қорытынды алған қызметкерлерді қызметіне тағайындалады.

            ІІ. Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстың өткізудің тәртібі мен мерзімдері жоғарыда айтылған ішкі конкурстың тәртібі мен мерзімдеріне ұқсас.

            ІІІ. Жалпы конкурс өткізудің тәртібі – Қазақстан Республикасының заңдарына негізделген тестілеудің шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификатымен бір жыл мерзім ішінде бос лауазым орнынан жарияланған жалпы конкурсқа қатыса алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде жүргізеледі.

            Әр қарай, жалпы конкурсты өткізу ішкі конкурстардардың өткізудің тәртібіне ұқсас, тек қана құжаттарды қабылдау мерзімімен ерекшіленеді.

            Жоғарыда келтірілген қағидалардың талаптарын сақтай отырып, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінде 9 конкурс өткізілді. Жалпы конкурспен, яғни төменгі лауазымға жаңадан 39 қызметкер жұмысқа қабылданды.

Бұл енгізілген қағидалардың барлығы құптарлық. Себебі, төменгі қызметтен жоғары қызметке көтерілу үшін кез келген маман тәжірибе жинап, адал еңбектің арқасында қол жеткізсе нұр үстіне нұр болмақ. Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметке бірден жоғарғы лауазымға отыруға заң бойынша жол берілмейді. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші еңбектеніп, өз еңбегінің жемісін көруі қажет деп санаймын. Персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметінің)

бас маманы Гүлзат Жидебаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему