Үздік қалам иелері марапатталды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 12:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үздік қалам иелері марапатталды

6 Декабря 2016 (15:07) | 1800 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Маңғыстау облысы Азаматтық Алянсы» -5 желтоқсан күні «Хан Шахар» салтанат сарайында «Алтын қалам» үздік журналистер байқауы және «Көшбасшы үкіметтік емес ұйымдар-2016» ҮЕҰ арасында жүргізілген рейтинг нәтижелері бойынша қорытынды шара – салтанатты кешті ұйымдастырды.

 

«Мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы диалог пен ынтымақтастықты дамыту жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында БАҚ өкілдері арасында «Алтын қалам 2016 » байқауы жарияланған болатын.

 

-Байқаудың мақсаты – аймағымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім сұрақтарын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялап, сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіп жүрген үздік БАҚ өкілдерін анықтау.

Байқауға 2016 жылдың тамыз бен қараша аралығында қазақ және орыс тілді баспа және электрондық БАҚ, телеарналардағы бағдарламалар мен сюжеттерде шыққан журналистердің авторлық жұмыстары қабылданды. Әрбір үміткер байқауға қатысу үшін ережеге сәйкес сұраныстарын рәсімдеді. 10 номинация бойынша жүргізілген байқауға 25 журналистен 53 жұмыс келіп түсті. Жеңімпаздарды журналистика ардагерлерінен және қоғам қайраткерлерінен құрылған комиссия анықтады,- дейді Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы ЗТБ президенті Ахметова Жібек.

 

«Алтын қалам» үздік журналистер байқауы номинацияларының жеңімпаздарын құрамында журналистика саласының ардагерлері ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының мүшелері Маңдайлы Қосымбай, Есберген Іңірбайұлы және Петр Долматов, саяси партия өкілдері мен қоғам қайраткерлері болған арнайы комиссия мүшелері анықтаған.

 

 

Жібек Ахметова – «МО Азаматтық Альянсының» президенті:

-"Нұрлы жол болашаққа бастар жол" номинациясы бойынша - 4 жұмыс, "Тәуелсіздік тағылымы - ұлт тарихы бойынша"аталымына -11 жұмыс, "Менің елім мәңгілік ел" номинациясы бойынша - 4 жұмыс, "Мемлекеттік басты капиталы - білімді жастар" аталымы бойынша - 7 жұмыс, "Ауылым алтын бесігім" номинациясына -4 жұмыс, "Дені сау ұлт- ел болашағы" номинациясы бойынша 6жұмыс, "Тұлға" номинациясы бойынша - 7 жұмыс. "Туған жерім - тірегім" атты аталымға - 6-жұмыс, "Экология " номинациясы бойынша - 2 жұмыс келіп түскен болатын.

 

Марапаттау сәтінде сахна төріне көтерілген әділқазылар алқасының мүшелері ардагер-журналистер Есберген Іңірбайұлы мен Петр Алексеевич Долматов байқау жеңімпаздарына «Алтын қалам» статуеткасын, арнайы диплом, гүл шоқтары және ақшалай сыйлықтарды табыс етті

 

«Алтын қалам» байқауының жеңімпаздары:

«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» - Мұңалқызы Фарида («Маңғыстау» газетінің тілшісі)

«Тәуелсіздік тағылымы — ұлт тарихы» - Имашева Нұрғаным (Ақтау қалалық «Тумба» газетінің тілшісі)

«Менің елім — Мәңгілік ел» - Елеусінова Милана (Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы» газетінің тілшісі)

«Мемлекеттің басты капиталы — білімді жастар» - Калинина Елена («Огни Мангистау» газетінің тілшісі)

 «Ауылым- алтын бесігім» - Шораева Ақсындар («Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі)

«Дені cay ұлт — ел болашағы» - Венера Мирлан («Маңғыстау» газетінің тілшісі)

«Тұлға» - Жұмазия Оразай («Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі)

«Туған жерім — тірегім» - Ашықбаева Әйгерім (Қазақстан-Ақтау телеарнасының тілшісі)

«Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» - Жеменей Голрох («Маңғыстау» газетінің тілшісі)

«Экология» - Айгул Дәден (Маңғыстау жаңалықтар жаршысы – «7292info.kz» сайтының редакторы).

 

Сайыс жеңімпаздары атанған барлық әріптестерімізді жүлделерімен құттықтаймыз! Шығармашылықтың биік шыңын бағындырумен қаламдарыңыз ұштала берсін! Жазар жағымды жаңалықтар көп болсын. Ел үшін жасаған ерен еңбектеріңіз әрдайым осындай марапаттарға ие болып, лайықты бағасын ала берсін.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему