Сот арқылы түйе малы өз иесіне қайтарылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 20:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот арқылы түйе малы өз иесіне қайтарылды

5 Декабря 2016 (19:04) | 2372 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау аудандық сотына талапкер К. ҚР Азаматтық кодексінің 260-бабына сәйкес, яғни, меншік иесі өзгенің заңсыз иеленуінен өз мүлкін талап етуге құқылы болғандықтан, жауапкер Р-дан бір бас түйе малын өзіне қайтарып беру туралы талап арызбен жүгінген.

Мал шаруашылығымен айналысатын талапкер К. өріске кеткен бір бас мая түйесін таба алмай қалған. Малшылардан сұрастырып түйесін іздеген К. Шайыр аулының тұрғыны Р-дың «УАЗ» көлігіне бір бас мая түйесін тиеп алып кеткенін естіп, іздеп барып жауапкерден малын қайтаруын сұрағанда, соңғы ол өзінің малы екенін айтып, бермей қояды.

Басты сот талқылауында мал дәргері Д-ның қатысуымен талапкердің енесі деп әкелген түйе мен даулы түйенің арасында ұқсастық бар екені, ал Таушық селосынан жауапкердің енесі деп әкелген түйе мен даулы түйенің арасында ұқсастық жоқ екені анықталған. Сондай-ақ, маман берген түсініктемесінен аталған белгілердің даулы малға талапкер малына белгі салдым деп көрсеткен уақытына сәйкес келетінін анықталған. Жауапкердің сот мәжілісінде берген жауаптары өзінің тарапынан әкелген куәлардың жауаптармен сәйкес келмей, бір – біріне қайшы болған. Сонымен қатар, жауапкердің атында даулы мал немесе басқа да түйе малы тиісті орында тіркелмеген, ал талапкердің иелігіндегі мал саны әкімдік анықтамасымен бекітілген.

Бірінші саты соты талапкер К-ның жауапкер Р-дан құны 300 000 теңге тұратын бір бас түйесін өндіріп алып беру туралы талап арызын қанағаттандырған.

Сот шешіміне апелляциялық шағым келтірген жауапкер Р. апелляциялық шағымда сот шешімімен келіспей, талап арызға қарсылықта көрсеткен уәждерін қайталап көрсете келе, сот шешімін бұзып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдауды сұрады.

Алайда, талапкердің талабында көрсетілген уәждер сотта өз дәлелін тапқан, ал жауапкердің талап арызға қарсылық ретінде көрсетілген уәжі сотта дәлелденбеді.

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен Маңғыстау аудандық сотының шешімі өзгеріссіз, жауапкер Р-дың апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему