Ақтауда дзюдодан VII Ашық Республикалық турнир басталды
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 14:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда дзюдодан VII Ашық Республикалық турнир басталды

3 Декабря 2016 (18:34) | 1808 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Ақтауда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында дзюдо күресінен КСРО спорт шеберіне үміткер Баламұрат Сұлтанұлы Ақшабаевтың жүлдесіне арналған 2000-2001 және 2002-2004- ж.т. жасөспірім ұл, қыздар арасында өтетін VII-Ашық Республикалық турнир басталды.

Дзюдо күресінің айтулы бәсекесіне қазақ елінің түпкір-түпкірінен ел намысын қорғайтын жас жеткіншектеріміз келді. Байрағын желбіретіп отырған Ашық Республикалық турнир биыл 7-ші рет Ақтау қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Салтанатты шараның ашылуына облыстық дзюдо федерациясының президенті Самат Мұсабаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Бекмұрат Жүсіпов, облыстық самбо федерациясының президенті Орақ Аяпов, облыстық спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, Маңғыстау облысы қазақ күресі Федерациясының президенті Аббат Өрісбаев, Маңғыстау облысы самбо Федерациясының вице-президенті Бейнеубек Әбілов, облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Осыдан 7 жыл бұрын қолға алынған КСРО спорт шеберіне үміткері Баламұрат Сұлтанбайұлы Ақшабаевтың жүлдесіне арналған Республикалық турнир жұмысы бүгінде тәуелсіз еліміздегі дзюдо жарыстары арасында алда келеді.

 Елімізде дзюдо күресін өзіне серік ете бастаған жасөспірімдердің саны 100 000 – нан асып жығылады. Бұл, әрине, үлкен жетістік, зор нәтиже!

Турнирді ұйымдастырушылар: Маңғыстау облысы әкімдігі, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Маңғыстау облысының дзюдо Федерациясы және Маңғыстау облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.

Байрақты бәсекеге өз еліміздің спортшыларынан өзге Грузия және Әзірбайжан елінінен келген – барлығы 315 жасөспірім қатысуда.

-Дүбірлі додада облыс намысын 50 балуан қорғайды. Жарыстың алғашқы күні 2000-2001 жылы туған 110 спортшы күреседі. Турнирдің басты мақсаты-жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жас спортшылардың республикалық жарыстардағы тәжірибесін нығайту.

 Турнир биыл жетінші рет өткізіліп отыр. Бұл турнир осыдан жеті жыл бұрын аудандық, кейін облыстық деңгейде ұйымдастырылды. Географиялық ауқымы кеңейіп, халықаралық деңгейге көтерілді.

Жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасының және облыстық дзюдо федерациясының басшылығына ризашылығымды білдіремін,-деді облыстық «Жастар» БЖСМ бапкері, жарыстың бас төрешісі Талғат Есекенов.

         Жарыстың салтанатты ашылуынан кейін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алғыс хатымен Маңғыстау облысының көркем және эстетикалық гимнастика Федерациясының президенті Бибігүл Тулегенова, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Берік Жұмағалиев, «Маңғыстау облысының үздік әдіскері» атағымен Сындаргүл Ершорақызы, «Қазақстан Республикасының самбо күресінен жастар арасындағы ең үздік бапкер» атағымен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Сергей Волобуев, «Қазақстан Республикасының ең үздік әдіскері» атағымен Гаухар Чайкузова, өз ісінің білікті мамандары Марина Мишеева, Майра Мұстажаева, ақпараттық қолдау көрсеткен үшін «Қазақстан Республикасының ең үздік спорттық ақпарат журналисі» атағымен Венера Мирлан, «Үздік фотогроф» атағымен Ақерке Гагаринқызы марапатталды.

Сондай-ақ 2016 жылы халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, ел намысын абыроймен қорғаған балуандар Азия Чемпионы, Әлем Чемпионатының қола жүлдегерлері Айболат Мұратұлы, Нұркен Домбаев, Бауыржан Сағынғалиұлына самбо күресінен «Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері» атағыберілді.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Әлібек Құлбарақов, Ерлан Серіков, Ғайса Қалмұханов, Асхат Хапанов, Жомарт Қобланов, Әмірбек Жеңісов «Дзюдодан Ұлттық дәрежедегі төреші» атағын иеленді.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему