Ә.Кекілбаев туралы жаңа фильм түсіріледі
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 17:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ә.Кекілбаев туралы жаңа фильм түсіріледі

2 Декабря 2016 (14:26) | 3137 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі желісі бойынша толықметражды көркем фильм түсіруді қолға алды.

 

Фильмнің дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазір түсірілім тобы жасақталып, актерлерді іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері – Жаңабек Жетіруов.

 

Түсірілімнің барлығы дерлік Маңғыстау облысында өтетін болады. Фильмде Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Жуық арада режиссер өтпелі көріністерді түсіру үшін Ақтауға жол жүргелі отыр.

 

Жаңабек Жетіруов – көптеген деректі фильмнің және «Дүниежарық», «Аққыз» атты көркем суретті фильмдердің авторы. Сондай-ақ Жаңабек Жетіруов жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Самғау» деректі фильм түсірген. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жасалған. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему