Тоғызқұмалақ сайысында жеңіске жеткендер анықталды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тоғызқұмалақ сайысында жеңіске жеткендер анықталды

30 Ноября 2016 (15:52) | 3478 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының жоспары бойынша, қараша айының 26-29 аралығында Жаңаөзен қаласындағы Оқушылар шығармашылық үйінде Тоғызқұмалақтан "Маңғыстау облысының жастар мен жасөспірімдер арасындағы классика бойынша жекелей біріншілігі болып өтті. Сайыс 1-ші желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні" жəне "Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 25 жыл" мерекесіне арналды. Жарысқа Маңғыстау ауданы, Мұнайлы ауданы, Бейнеу ауданы, Қарақия ауданы жəне Ақтау мен Жаңаөзен қаласынан барлығы 72 спортшы қатысып, 12 жас, 14 жас, 16 жас, 18 жас бойынша ұлдар мен қыздар арасында бөлек 7-ойын ойнады.

 

Қуанарлық жағдай қазіргі таңда аудандарда ұлттық спорт қарқынды даму үстінде екендігін ойыншылар мен жаттықтырушылар дәлелдей түскендей. 

 

Біріншілік өте тартысты, қызықты өтіп, мықты ойыншылар анықталып, төмендегідей нəтиже көрсетті. 

 

Жекелей есепте жеңіске жеткен ойыншылар:

12 жас ұлдар арасынан I- орын Бурхан Дархан, Ақтау қаласы. II-орын Бокаев Азамат, Жаңаөзен қаласы. ІІІ- орын Бікірбай Сағадат, Маңғыстау ауданы.

12 жас қыздар арасынан І-орын Қайрат Райхан, Ақтау қаласы. ІІ-орын Исан Жазира, Қарақия ауданы. ІІІ- орын Дүйсенбаева, Ұлмекен Бейнеу ауданы.

14 жас ұлдар арасынан І-орын Кеңес Бағдəулет, Маңғыстау ауданы ІІ-орын Дауылтаев Əділбек, Ақтау қаласы. ІІІ-орын Амантаев Артур, Бейнеу ауданы.

14 жас қыздар арасынан І-орын Қосумбаева Айгерім Ақтау қаласы ІІ-орын Жұмажан Інжу Маңғыстау ауданы. ІІІ-орын Бердібекова Айзада Жаңаөзен қаласы.

16 жас ұлдар арасынан. І-орын Тұрақбай Жұмакелді Ақтау қаласы. ІІ-орын Əділбай Нұрғазы Ақтау қаласы. ІІІ-орын Шамшетов Нұрлыбек Қарақия ауданы.

16 жас қыздар арасында. І-орын Қадырова Майра Жаңаөзен қаласы. ІІ-орын Келдібаева Айгөлек Жаңаөзен қаласы. ІІІ-орынҚұдабай Назерке Маңғыстау ауданы.

18 жас ұлдар арасында. І-орын Əзірбай Қуандық Жаңаөзен қаласы ІІ-орын Элемесов Қайрат Ақтау қаласы. ІІІ-орын Оразғалиев Талғат Жаңаөзен қаласы.

18 жас қыздар арасында І-орын Такенова Назира Ақтау қаласы. ІІ-орын Үсенбаева Райхан Жаңаөзен қаласы. ІІІ-орын Масабай Айбибі Қарақия ауданы.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Маңғыстау облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының арнайы тағайындаған дипломдар мен медальдармен марапатталды. Осы жарыстың сапалы өтілуіне жəне ұлттық ойынның дамуына үлес қосып жүрген төрешілер мен жаттықтырушылар арнайы алғыс хатпен марапатталды. Аудан орталықтарында спортшыларды дайындап жүрген бапкерлер: Бейнеу ауданы БЖСМ-де бапкер Умиркулов Ибрай. Маңғыстау ауданы БЖСМ-де бапкер Тлегенов Сабақбай, Мұханов Мұңалбай. Қарақия ауданы БЖСМ- де Джантлеуов Нажмаддин. Түпқараған ауданы БЖСМ-де бапкер Назарбаева Мейрамгул.

 

Мұнайлы ауданы "Оқушы" орт. "Атамекен" аула клубының қосымша білім педагогы Қаламова Ақлес.  Жаңаөзен қаласы "Оқушылар шығармашылық үйі" үйірме жетекшісі Садуқасов Жарылқаған жəне 3 о/м, 18 о/м мұғалімдері Джауынбаев Дауылбек, Мадрешова Күлаш. Ақтау қаласы БЖСМ-де бапкері жəне "Оқушы" орталығы қосымша білім педагогы Жақиев Жомарт. Қалалық "Оқушы" орталығының қосымша білім педагогы Изтурганова Ақмарал. Қалалық "Оқушы" орталығы "Өрлеу" жəне "Өркен" аула клубтарының қосымша білім педагогы Ходарова Балханым жəне Бекбаулы Марат. Барлық жеңімпаздарды дайындаған бапкерлер өз жұмыстарының маманы деп білемін.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему