Маңғыстауға «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы келді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 17:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауға «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы келді

29 Ноября 2016 (18:50) | 1882 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облысындағы «Болашақ» стансасына «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы келді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанды шарлап жүрген пойыз қарашаның 1-інде елордадан жолға шыққан болатын.

Керуен қазақ-түрікмен шекарасында жеті сағат аялдады. Осы уақыт аралығында «Жастар мекені» деп аталатын қалашық тұрғындары тегін медициналық тексеруден өтіп, заңгерлерден кеңес алды.

Бұл қалашық мемлекет қолдауымен аз уақытта салынған. 80 орындық мектебі мен 120 бүлдіршінге арналған балабақшасы бар. «Болашақта» негізінен жас мамандар тұрады. Стансаға жақында көгілдір отын тартылып, халық табиғи газға қол жеткізбек. Тұрғындар негізінен қазақ елін Парсы шығанағымен жалғайтын шойынжол бойында еңбек етеді. Әміржан Әлпейісов, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының жетекшісі:

- Бұл біздің 20-аялдамамыз. Бұл стансаны осыдан бес жыл бұрын Елбасымыз үлкен транспорттық-логистика негізінде ашқан болатын. Бес жыл ішінде халқы өсіп, медицина, мектеп, балабақша салынғанын, сондай-ақ барлық жұмысшыларының пәтер мәселесі шешілгенін көріп отырмыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему