Ел мерейіне арналған кеш
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 09:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ел мерейіне арналған кеш

22 Ноября 2016 (14:56) | 2206 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Мұнайлы аудандық Азаматтық бастамасы» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының 2016 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы - «Мұнайлы ауданында үкіметтік емес ұйымдарының ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Маңғыстау ауылы №5 орта мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы шеңберінде «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

 

Шараға ауған соғысының ардагерлері, ауыл ақсақалдары, әжелер кеңесі, білім бөлімінің қызметкерлері, оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

 

«Мұнайлы аудандық Азаматтық бастамасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райхан Дарибаева:

 - Мерекелік кештің мақсаты - ауыл тұрғындарының, жастардың патриоттық рухын көтеру, Ел тәуелсіздігінің мерейлі 25 – жылдығын, егемен еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері кезеңде жүріп өткен тарихи жолдарын, қол жеткізген жетістіктерін насихаттау. Жастардың ел игілігіне қызмет етіп, Қазақстанның гүлденіп, дамуына өз үлестерін қосып, әскерге барып, елін, туған жерін, ата-анасын қорғауға деген құлшыныстарын арттыру. Білімге ұмтылып, түрлі мамандықты иеленіп, ынталы да білікті маман болуға ынталандыру,- деді көпшілікке арналған шара туралы.

 

Мерекелік концертте ұстаздар қауымы, ауған соғысы ардагерлері мен әжелер ансамблі көрермендерге арнап патриоттық әндер орындап, көпшілікке өз өнерлерін паш етті. Мерекелік кеште аудан ардагерлерінің төрағасы Алдабергенов Амандық ел тәуелсіздігінің 25 - жылымен құттықтай отырып, жастарға тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерді, тәуелсіздігімізді анамыздай құрметтеуді және болашақтың кілті - жастар екендігін атап айтты.

 

Сонымен қатар, «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастамасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дарибаева Райхан Сұлтанқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен құттықтай отырып, келген қонақтарға және қатысушыларға алғыс білдірді және өнер көрсеткен ауған соғысы ардагерлерін, әжелер ансамблін, ардагер ұстаздарды арнайы сыйлықтар және Алғыс хатпен марапаттады.  

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему