Жасөспірімдерді зорлықтан қорғаудың пәрменді шаралары қолданылуда
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 04:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жасөспірімдерді зорлықтан қорғаудың пәрменді шаралары қолданылуда

20 Ноября 2016 (14:55) | 1641 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Баспасөз қызметікәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау бойынша заңнамалық және практикалық сипаттағы қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты ұсынды.

 

Қазақстанда балаларға қамқорлық жасауға және олардың өмірін, денсаулығын сақтауға, сондай-ақ оларға қатысты түрлі қылмыстардан қорғауға ерекше мән берілген. 

 

Осыған байланысты елімізде балаларға қатысты қандай да бір құқық бұзушылықтар, әсіресе сексуалдық сипаттағы фактілерге ерекше ден қойылған.  

 

Бүгінде баспасөз бен Интернетте осындай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті өмір бойына бас бостандығына айыруға және өлім жазасына дейін қатаңдату мәселесін үнемі талқылануда. Ол бұндай зұлымдыққа адамдардың немқұрайлы қарамайтындығын көрсетеді.

 

Ішкі істер органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрақты түрде балаларға қатысты құқық бұзушылықтар, оның ішінде сексуалдық сипаттағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау бойынша заңнамалық және практикалық жұмыстар жүргізеді.

 

  1. Қылмыстық жаза қатаңдатылды. Көрінеу жас балаға қатысты жасалған зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық, енді 15 жылдан  20 жылға дейін не өмір бойына бас бостандығынан айыруға әкеледі  (белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына дейін айыра отырып).

Осы қылмыстардың жекелеген субъектілері ретінде ата-аналары, педагогтар және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттер жүктелген өзге адамдар бөлінген – олар үшін жауапкершіліктің анағұрлым қатаң шаралары көзделген. 

 

  1. Осындай қылмыстарды жасаған адамдарға шартты түрде соттауға, рақымшылыққа, шын өкінуімен және татуласуымен байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға, мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға, жазаны анағұрлым жеңіл түрімен ауыстыруға тыйым салынды.
  2. 2018 жылдан бастап медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы ретінде химиялық кастрация енгізіледі .
  3. Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды түзеу мекемелерінен босатар алдында мүмкін болатын қайталануды анықтау және ескерту шараларын өткізу үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындалады.
  4. Бас прокуратура кәмелетке толмағандарға қарсы сексуалдық қылмыстар жасаған үшін сотталған адамдардың деректер базасын қалыптастырды.

Бостандықта жүрген осындай адамдар (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және т.б.) туралы ақпарат, қайтадан қылмыстар жасаудың алдын алу мақсатында жалпыға қол жетімді Интернет-ресурста орналастырылған (http://infopublic.pravstat.kz/).

Осы шараларға медициналық мекемелер де тартылған, олар ерте жүктілік жағдайлары туралы дереу полицияға хабарлайды.

  1. Барлық жерлерде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, мысалы, қолайсыз отбасылармен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен, БАҚ арқылы.

- ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, сексуалдық пайдалануды және балалар порногрфиясын насихаттайтын сайттарды анықтау үшін Интернет желісі  қадағаланады. Бүгінде тиісті органдар 28 мыңнан астам порносайттарға кіру рұқсатын жапты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде осы салада оң өзгерістер байқалады.

Ағымдағы жылғы III-тоқсанның  қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардыңжыныстық тиіспеушілігіне қарсықылмыстар саны 17,1% кеміген (858-ден 711-ге дейін), оның ішінде зорлаулар 37,1% ( 159-дан 100-ге дейін), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері 37,6% (133-тен 83-ке дейін).

Құқық қорғау органдары сексуалдық сипаттағы әрбір қылмысқа ден қоюда, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему