Өз міндетін ақтаған Азаматтық процестік кодекстің жаңашылдықтары талқыланды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 13:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өз міндетін ақтаған Азаматтық процестік кодекстің жаңашылдықтары талқыланды

1 Ноября 2016 (20:34) | 2613 | Автор: Нурганым Имашева

 Фото автора 

Маңғыстау облыстық сотында жаңа ҚР АПК-нің қабылданғанына 1 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің маңыздылығы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Азаматтық процестік кодекске енгізілген жаңашылдықтарды және соттағы маңыздылығын талқылау мақсатында өткізілген дөңгелек үстел жұмысына Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, мемлекеттік  органдар,  прокуратура, адвокаттар мен заңгерлер, үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, бизнес өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны  ашқан Ж.Аланов ҚР Азаматтық процестік кодексінің  жаңашылдықтары сот ісін жүргізуде аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

- Жаңа қабылданған АПК бір жыл ішінде өз өміршеңдігін көрсетіп, өзіне жүктелген сот төрелігінің тиімділігін арттыру жөніндегі барлық міндетін ақтады. Халық үшін соттардың ашықтығы мен қолжетімділігін көтерді, - деді сот төрағасы.

Аталған шарада судьялар мен адвокаттар және басқа да заңгерлер баяндамалар оқып, Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодекстің жаңа нормалары бойынша татуласу рәсімін қолдану маңыздылығы мен оңайлатылған іс жүргізу тәртібін және бұйрық арқылы іс жүргізу тәртіптерін түсіндірді.

Маңғыстау облысы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Рахымжан Бейсенов?

- Кодексте сот бұйрығы арқылы және оңайлатылған тәртiппен iс жүргiзу ауқымы едәуiр кеңейген.

Мұндай тәртiппен iс қарау азаматтар мен заңды тұлғаларға өздерiнiң даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн жедел қорғауға және қалпына келтiруге өте тиiмдi институт. Өйткенi, осындай тәртiппен iс қарау барысында тараптардың түсiнiгiн тыңдау үшiн оларды сотқа шақырмай-ақ, ұсынылған құжаттар негiзiнде сот бұйрығы және шешiм қабылданады. Осындай тәртiппен сотқа жүгiнудiң ұтымды екенiн халық ұғына бастады, - деді.

«Шараға қатысушылар өзара пікірлер алмасып, татуласу рәсімдерін сот тәжірибесінде қолдану мәселесін талқылады.

Жиын соңында Ж.Аланов қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз ететін Кодекстің дер кезінде қабылданғанын айтып, іс-шараға қатысушыларға алғыс білдірді», - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему