Тұғырың берік болсын, туған елім!
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 18:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тұғырың берік болсын, туған елім!

31 Октября 2016 (11:07) | 3021 | Автор: Редакция

  

 

Еріксіз түскен ылдидан,

  Еркіңмен шығар өр артық – деп ата-бабаларымыз азат ел болуды, тәуелсіз мемлекет құруды сан ғасырлар бойы сарыла күтті, арман етті. Бабалар аманаты орындалып, азат ел болдық, тәуелсіз мемлекет құрдық. Тәуелсіздік алған ширек ғасырда Қазақстан әлем танитын, санасатын және сыйлайтын қуатты елге айналды. Ғасырға татырлық істер атқарылды. Кешегі бүгін, бүгінгі ертең ескі болып, шұғыл шешімдер қабылдау, заман көшінен қалып қоймай ұдайы ілгерілеу, даму міндеті тұр қазір. Құлақ естігенді көз көреді. Қай салада болмасын жаңалық болып жатыр. Білім беру, денсаулық сақтауда озық технология енгізіліп, білікті мамандар көптеп тартылуда. Астана, Алматы қалаларында ғана емес, әр облыс орталығында жүрекке ота жасалады деп тәуелсіздіктен бұрын кімді сендіре алар едіңіз!? Қаншама жан ажал құрығынан аман қалып жатыр. Жақында Астанаға барып күрделі ота жасатып, отбасына қуанышты оралған бір азамат:

  ˗ Қазір шетелге барудың (оған екінің бірінің қолы да жете бермейді ғой) қажеті жоқ екеніне көзім жетті. Сол шетелдегі құрал- жабдық, білікті маман дәрігерлер, шүкір, өзімізде де жетеді екен. Тіпті Астанаға шетелден келіп ем қабылдап жатқандар да аз емес, - дегенде қалай қуанбассың! Қазір жастарымыздың озық елдерден оқып, үйреніп келіп жауапты қызметтерді ұршықтай үйіріп отырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Елбасымыздың ұстанып отырған саясатының дұрыстығы осының дәлелі. Мағжан ақынның:

         Арыстандай айбатты.

         Жолбарыстай қайратты.

         Мен жастарға сенемін.

         Қазақ атын аспанға,

         Шығарар олар бір таңда,

         Мен жастарға сенемін, - деп болашақ қазақ жастарына артқан үлкен үмітін бүгінгі жастарымыз ақтайды деп сенеміз. Себебі,

         Таласқа түссе жан мен ту

         Жан емес маған керегі

         Көк тудың желбірегені, - дейтін патриот ұрпақ өсіру қоғамның, ата-ана, жұртшылықтың, мектеп ұстаздарының басты міндеті болуы керек.

         ˗ Бетеге кетсе, бел қалар,

         ˗ Бектер кетсе, ел қалар,

         ˗ Бірлігің кетсе, нең қалар, - деген екен Әйтеке би. – Ырыс қайда барасың десе, ынтымаққа барамын, - депті Асан бабамыз. Сол сияқты: - Бес саусақ бірікпесе, ине ілікпейді, - деп Елбасымыз Н.Назарбаев бақыт та, даму да, молшылық та ынтымақ пен бірлік бар жерде ғана болатынын мықтап ескерткен болатын. Тәуелсіз еліміздің ширек ғасырдай уақыт ішінде ғана қол жеткізген табысы алдымен қасиетті де қастерлі Тәуелсіздігіміздің, сонан соң ынтымақ, бірліктің, Елбасымыздың алысты болжайтын көреген саясатының арқасы. Бұл көзіміз көріп отырған шындық. Жан-жағымызда күн сайын дерлік жарылыс болып, елінен тыныштық кетіп, бейкүнә жандар қырылып, ошағын, отанын тастап кетіп жатқан босқындардың аянышты тағдыры әр азаматты ойландыруы тиіс. Бетін аулақ қылсын, сүттей ұйып отырған елміз. Мен ағарту саласының ардагерімін. 40 жылдан астам Маңғыстау ауданы Шайыр орта мектебінде ұстаздық еттім. Одақ кезіндегі жағдай да белгілі, бәрін де бастан өткіздік. Қазір бәрі басқаша. Барлық ауылдарда газ жанып, суы сарқырап ағып тұр. Жол төселген, әр үйдің белдеуінде тіпті 2-3-тен темір тұлпарлары бар, электр жарығы жарқырап тұр. Ауыл мен қаланың айырмашылығы жоқтың қасы. Қаладағыдай барлық қажеті ішінен табылатын сәнді үйлер, қос қабатты котедждер бой түзеп келеді. Тәуелсіздік жылдарында ауылшаруашылығы саласы да алға басты. 90- жылдардың басында үлесіне алған жандығынан өзі қашып, болмашыға сатып құтылған шаруаны бүгін таба алмайсыз. Тәуелсіздіктен бұрын 1-2 мың қойы, жүздеген ірі қарасы бар шаруа бар деп ешкімді сендіре алмасаңыз, ол қазір шындық. Қысқасы, бұрынғы ертегі, қазір өмірдің қай саласында да шындыққа айналды.

 

  ˗ Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз, - деп Бейімбет ақын айтқандай, ауыл гүлденуде. Тамырға қан жүгірді, тұрмыс түзелді.. 90 – жылдары қарын қамы, күнкөріс, отбасын аман алып шығу бірінші орында тұрды. Ол заңды да еді. Ал қазір материалдық жағдай түзелген соң, руханиятты, рухани дүниелерімізді түгендеуге көштік. Бұл ілгерілеу, даму емей немене?! Осыны көріп отырып та көргісі, біліп отырып та білгісі келмейтіндердің аз да болса ел ішінен кездесіп қалатынына қынжыласың. Асылы, көпке жағу қиын – ау! Аманғали батыр әрі ақын, әрі әнші:

         Жігітке қиын екен көпке жақпақ.

         Көңілін бай – жарлының бірдей таппақ.

         Қақ жарып қара қылды жүрсем- дағы.

         Кетеді біреу мақтап, біреу даттап, - деп қалай тауып айтқан!

 Жақында ғана мен сәті болып, Шетпедегі шойын жолдың екі жағындағы елді байланыстыратын ұзындығы 120 метрлік көпірдің ашылуына куә болдым. Сонда сөйлеушілер осы көпірді 1966 жылдан бері дәл 50 жыл күткендіктерін айтып облыс әкімі Алик Айдарбаевқа алғыстарын жаудырғанда, осындай жетістіктеріміздің бәрі тек қана қасиетті де қастерлі Тәуелсіздігіміздің арқасында болып отырғанына тағы да көзіміз жетті. Дәл сол күні менің ауылым Шайырда да спорт кешені ашылып, облыс әкімі мен ауыл ақсақалы лентасын қиды. Бұл спорт кешенін облыс жұртшылығына кеңінен танымал, көпке қол ұшын созып, көмегін беріп келе жатырған Шайыр орта мектебінің түлегі, облыстық мәслихат депутаты, меценат Мұсабаев Самат Базарбайұлы өз қаржысына салып, сыйға тартты. Атақты жолаяқ Ә. Тұяқов туған ауылдан оның ізбасарлары шығатынына сенім мол.     Қысқасы, қай сала да өсу, өркендеу үстінде. Тәуелсіз Қазақстан халқының Мәңгі ел, Мәңгілік Қазақ елі болатынына сенімдері берік. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі құтты болсын, ағайын!

 

 

Оразғали ӨТЕУЛИЕВ,

Халық ағарту ісінің үздігі.

Ы. Алтынсарин медалінің,

құрмет орденінің иегері.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему