Аймақтағы туризмнің әлеуеті
Курс валют в Актау
на 14/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
14 Мая, 07:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақтағы туризмнің әлеуеті

25 Октября 2016 (17:51) | 2095 | Автор: Нурганым Имашева

 

Сұлу табиғаты, сан ғасырлық тұнған тарихы, өзге өңірлерден ерек өзіне тән салт-дәстүрі бар киелі өлке маңғаз Маңғыстаудың алуан қырын ашып, сырына қанығуға мүмкіндік беретін туризм саласын өркендету бағытындағы аймақта атқарылып жатқан жобалар жөнінде облыстық туризм басқармасының басшысы Байжауынова Гүлжан Маңғыстауқызы жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесуде Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалының алаңындағы баспасөз мәслихатында әңгімеледі.

 

Туризм саласында өңірде жаңа жобалар қолдау тауып, жүзеге асырылуда. Биыл Маңғыстауға келген туристер ағынының көбеюіне байланысты келешекте облыс орталығында аквапарк, ұлттық нақыштағы мейрамхана және теңіз жағалауынан бес жұлдызды демалу-сауықтыру кешені салынбақ. Аталған туристік нысандардың жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданған.

 

Облыстық туризм басқармасы мен Даму қоры қолдаған жобаларға жергілікті бюджеттен 300 миллион, Даму қоры арқылы ұлттық қордан 600 миллион теңге бөілнген. Ал екініші деңгейлі банктер туристерге қызмет көрсететін кәсіпкерлерге 900 миилион теңге несие берген. Енді мұндай қаражатқа "Достар" жағажайынан аквапарк салынып, теңізде жүзетін моторлы қайық, қазақтың ұлттық тағамдары дәмханасының құрылыстары салынады. Бұл әсіресе шетелдіктер үшін жасалап отырған жағдай. Осындай мәліметтермен бөліскен сала басшысы аймақтағы туризм саласын дамыту бағытында істеліп жатқан жұмыстар мен келешектегі жоспарлары жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті, журналистер қауымының қойған сауалдарына жауап берді.

 

Гүлжан Байжауынова – Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы:

- Биыл Маңғыстауға чартерлі пойыз келді. Онда Швейцариядан,Германиядан келген туристер көп болды. Былтыр Ресейден параходпен біршама саяхатшылар келді. Олар 3 күн бойына өлкенің көрікті жерлерін аралады. Бірақ олар пароходта тұрып, өз бетімен демалып, саяхаттаған себепті біз олардың нақты санын есептей алмадық. Осылай туристердің көпшілігі өз бетімен келіп, демалғандықтан олардың есебін жүргізу кейде мүмкін болмай қалады.

Туристердің көпшілігі бағасы арзан қонақ үйлерде тұрып, қызмет көрсетудің қолжетімді бағада болуын қалайды. Олар келгенде біздің сервистік саламыз ақсап қалады. Сондықтан біз кәсіпкерлердің жобаларына қаржылай көмек көрсетуді жөн көрдік. Сол үшін теңіз жағалауларында сауықтыру кешендері мен хостелдерді көбейтуге кірістік.

 

Өңірге келген туристердің санын анықтап отыруға арналған мониторинг жұмыстары туралы қойылған сауалдарға басшы: «Мониторинг жүргізу басқарма тарапынан мүмкін болмай отыр, алайда біз «Рада-Ақтау» ҮЕҰ-н жобаға тарту арқылы осы жұмысты жүргізіп жатырмыз. Жылдың аяғында оның қорытындысын жасаймыз деп ойлаймын, сол кезде оның нәтижесімен танысу мүмкіндігі болады», - деп түсіндірді.

 

Өлкеге аяқ басқан саяхатшыларды аймақтың тынысы, тарихы, мәдениетімен кімдер таныстыратыны, кәсіби гид-мамандар туралы сауалға Гүлжан Маңғыстауқызы::

Жақында ғана 25 экскурсия жүргізушіге біз арнайы тренинг өткізіп, оқыттық. Елімізде келер жылы өтетін «Экспо-2017» үлкен шарасы тұсында біз Маңғыстауды шетелдік туристерге лайықты дәрежеде таныстыра алатын кәсіби мамандарды даярлау ісіне ерекше көңіл бөлу керек деп санаймыз, - деді.

 

Аймақта туризмнің дамуына үлес қосып отырған туристік фирмалардың саны және әлеуеті туралы біздің басылым тілшісінің сауалына сала басшысы: «ҚР туризм Комитетінің тізіліміне сай 2015 жылы біз өңірде 70 туристік компания бар деген мәліметті алғанымызбан, олардың барлығын табу мүмкін болмады. Қазіргі таңда біз солардың тек 17- сін ғана тауып отырмыз. Олардың көпшілігі негізінен сыртқа туристерді шығарумен айналысады, ал өңірге туристерді шақырумен айналысатын компаниялар бізде аз. Солардың екеуіне біз жобаларының дамуына көмектесіп жатырмыз. Бір компания қазір өлкеге 45 жапондық туристтің келуін ұйымдастырдық деп отыр. Алдағы уақытта да осындай жобаларға қолдау көрсетуге біз дайынбыз»,- деген жауабын берді.

 

Брифингке қатысқан «Турист» ЖШС директоры Евгения Слюсарева:

Еліміздің өзге өңірлерінен келетін және шетелдік туристердің Маңғыстауға деген қызығушылығы ерекше. Біздің компанияның даярлаған 32 туристік бағдарламасы бар, 10 – екі күндік 9 – үш күндік маршруттарымыз және 6 күнге де арналған бағдарламамызды ұсынамыз. Шетелдік саяхатшыларды көбіне Маңғыстаудың табиғаты ықызықтырады, олар даланы, тау-тасты кезгенді ұнатады.

Аймақтағы туризмді дамытудың келелі бір мәселесі – табиғат аясына шығушылардың демалыс орындарын қоқысқа толтырып кетуі болып отыр. Осы проблеманы шешудің бір жолы – демалыс орнын тазалықта ұстауды өз қолына алып, сол жұмыстары үшін әр айдың аяғында істелген жұмыс көлемі көрсетілген құжатты тапсыру арқылы, бізбен келісім-шарт жасасып, арнайы қызмет көрсетумен айналысатын сол жердегі адамды бекіту болып отыр ,- деп мәлімдеді.

 

Гүлжан Байжауынова – Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы:

2017 жылдың басында «Этноауыл» деп аталатын жаңа жобаның таныстырылымы болады. Ол арқылы шетелдік туристер қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, өнерін көріп таныса алады. Бұл жобаның құны 67 млн. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, дэй-клубтар салу, теңізде демалу үшін яхт-клубпен келісу арқылы келушілердің демалысын ұйымдастыру көзделіп отыр.

Облыс әкімдігінің қол қойған меморандумына сай өңірде қолға алынып жатқан жобаларды жүзеге асыру мақсатында жергілікті билік туристік нысандарға қажетті инфрақұрылымды жасап беруге дайын, яғни электр энергиясы, су жүйесі сияқты. Қазірдің өзінде аймақтық үйлестіру кеңесіне келіп түскен 35 өтініштің негізінде 10 жобаға қолдау білідіріліп, оларды іске асыру үшін кәсіпкерлерге 410 млн. теңге қаржы бөлінді, енді кезекте 5 жоба бар. Олар банктегі қажетті процедураларды рәсімдеу аяқталған соң жүзеге асады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему