Ақтаулық тәртіп сақшыларының қатары толықты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық тәртіп сақшыларының қатары толықты

25 Октября 2016 (17:42) | 4131 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының жеке құрамы полицияда қызмет етуге бел буған 6 жас маманмен толықты. Жаңа қызметкерлерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өткен аптаның соңында Астана алаңында өтті.

 

Салтанатты шараға Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының жеке құрамы толық қатысты және ұлттық ұланның сарбаздары да сап түзеді. Сонымен қатар ІІБ – ның гарнизонының әскери оркестрі де салтанатты жиынға қатысты.

 

Астана алаңында жиылып, салтанатты сап түзеген полиция қызметкерлеріне сол маңнан өтіп жатқан жаяу жүргіншілер де, көліктегі жолаушылар да таңырқай қарасты. Бәлкім, бұл мұндай шаралардың қаланың ортасында сирек өтетініне байланысты болар.

 

Құсайынов Қайырбек Шамұлы - Ақтау қалалық ІІБ-бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі:

Бүгінгі шара – Ақтау қаласы ІІБ жеке құрамының қысқа киім үлгісіне көшуіне байланысты жиын-байқау болып отыр. Сонымен қатар, осы жиын-байқаудың кезінде біздің қатарымызға жаңадан қабылданған 6 қызметкеріміздің ант қабылдау рәсімі болып өтті. Олар соңғы қыркүйек, қазан айларында қызметке қабылданғандар. Бұлардың ішінде тылды қамтамсыз ету, тергеу бөлімдері, қылмысты жедел ашу және әкімшілк полиция қызметіне алынған қызметкерлер бар.

Сондай-ақ, өткен 9 айдың қорытындысымен біздің қызметте жетістікке жеткен қызметкерлерімізді марапаттадық және ІІБ-ның бұйрығымен бұрынғы тәртіптік жазаға тартылған қызметкерлердің тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын түсіру туралы бұйрығы оқылды жеке құрамның ортасында. Бұл жеке құрамның қызметке деген ынтасын арттырады деген сенімдемін.

 

 

Үш айлық дайындық мектебінде оқып, бүгін ант қабылдап, қызметке кірісіп жатқандар қатарында полиция кіші сержанты Орынбасар Елдос Оразғалиұлы да бар. Ол Талдықорған қаласындағы Сарыөзек әскери бөлімшесінде әскери борышын өтепті.

 

- Өзім әскерде болған кезден-ақ полиция қызметкері болуды армандадым. Отаным және халқымның алдындағы борышымды атқарғым келеді. Бүгін ант қабылдадық. Салтанатты рәсім жақсы өтті. Барымызша, халқымызға қызмет етіп, қоғамдық тәртіпті күзету ісіне өз үлесімді қосатыныма қуаныштымын. Әрі қарай Отанға, халқыма қызмет етуге дайынмын, - деді полиция қатарына қызметке келген жас сақшы Елдос.Орынбасар.

 

 

Полиция полковнигі Қайырбек Шамұлының мәлімдеуінше, «Бірқатар қызметкерлерді марапаттаудың себебі – қалалық ІІБ-ның қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, атап айтқанда осы жұмылдырылған күштердің негізінде қоғамдық тәртіпті, қоғамдық орындарда болған қылмыстарды, көшеде болған қылмыстар былтырғы жылмен салыстырғанда анағұрлым азайды.

 

 Сонымен қатар, біздің қылмысты ашу пайызымыз да, негізгі басым бағыттағы қылмыстың түрлерінен былтырғы жылға қарағанда көрсеткішіміз жоғары. Сол қол жеткізілген табыстардың негізінде осы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал еткен қызметкерлеріміздің бірқатары бүгін марапатталып отыр.

 

Сондай-ақ, өздеріңіз көріп отырғандай, қала бойынша қоғамдық тәртіпті күзетуге жұмылдырылған күштердің саны - 280 қызметкер бүгін қоғамдық тәртіпті сақтауға шығып отыр. Бұлар қаланың барлық ықшамаудандарына, үлкен күре жолдарға, жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бөлінген. Қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға бөлінетін күнделікті күштеріміздің жалпы саны осындай».

 

Әкімшілік полиция бастығы Ұлықбек Мылтықов жеке құрамға қоғамдық тәртіпті күзету кезінде азаматтармен сыпайы, кішіпейіл қарым-қатынаста болып, нөлдік төзімділік қағидасының сақталуына мән беріп, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтауға, қоғамдық орындарда қылмыстардың орын алуын болдырмау, жөнінде нұсқаулар берді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Дмитрий, 25 Октября 2016 (19:08)
0 0
Был свидетелем данного мероприятия с сотрудниками МВД.
Удручает то факт что,с боку данной площади(между ″каравелой″ и ак-ботой) стоит знак 3,27 ″стоянка запрещена″ и много авто данных сотрудников стояли там .
Как сотрудники могут клясться народу : нарушая законны ????
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему