Маңғыстаулық самбошылар - Ел чемпионы атанды!
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 07:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық самбошылар - Ел чемпионы атанды!

24 Октября 2016 (17:47) | 1618 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Семейде Қабанбай батыр мемориалына арналған самбо күресінен ересектер арасында ҚР-ның Кубогы үшін өткен жарыс аяқталды.

 

Бәсеке қорытындысында командалық есепте бірінші орынды маңғыстаулық самбошылар иеленіп, облыс мерейін асқақтатты.

 

1999 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жарыстың Кубогы алғаш рет маңғыстаулық самбошыларға бұйырды. Қуанышты жаңалықпен облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов бөлісті.

 

Аймақ атағын асқақтатқан бәсеке Семей жерінде 20-22 қазан аралығында өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан жиылған 237 самбошы қатысып, күш сынады.

 

Мықтылардың арасынан облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуандары 52 келі салмақта белдескен Мерей Ералиев, Рамазан Мамаев (57 келі салмақта), Талғат Қуанай (62 келі салмақта), Бағдат Ерғазы (68 келі салмақта), Ерлан Серіков (74 келі салмақта), Манас Иманқұлов (82 келі салмақта), Асхат Хапанов (90 келі салмақта), Ғайса Қалмұханов (100 келі салмақта), Ақылбек Айжарықов  (+100 келі салмақта) алтынмен апталды.

 

Жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген балуандарымыз бұған дейін әр түрлі халықаралық жарыстар мен елішілік бәсекелерде оза шауып жүр. Бұл жолы да олар өздерінің мықтылығын өзгелерге мойындатты.

 

Осылайша, Маңғыстау тарихында алғаш рет самбошылар командалық есепте рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, жерлестеріне үлкен жеңіс сыйлап, қуаныш пен шаттыққа бөледі.

 

 Жарысқа балуандарды облыстың самбодан бас жаттықтырушысы Манарбек Бисекенов пен ҚР еңбек сіңірген бапкері Берік Жұмағалиев дайындады.

 

- Біз бұл биік дәрежеге, толағай табысқа, үлкен жеңіске қаншама жылғы еңбекпен жеттік. Аталмыш жарыста 16 жыл қатарынан командалық есепте бірінші орынды шығыс қазақстандық самбошылар иеленіп келді.

Маңғыстаулық самбошылар биыл рекордты жаңартып, өлке тарихында алғаш рет командалық есепте бірінші орынды иеленді.

 Бүгін біз өте қуаныштымыз, үмітіміз ақталды, шүкір. Қаншама жылдар бапкерлердің төккен еселі еңбегінің жемісі нәтижесін берді. Жеңісімізді Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймыз.

Жоғары деңгейде боз кілемде белдескен барлық самбошыларға алғыс айтамын. Бірінші орынды иеленген самбошыларымызға «Самбодан ҚР-ның спорт шебері» деген атақ та қоса берілді.

Сондықтан да жыл бойына өткен барлық жарыстарға қатысуға мүмкіншілік жасаған облыстық спорт басқармасына және облыстық самбо федерациясының басшылығына ризашылығымызды білдіреміз.

Алдағы жарыстарда да Қазақстанның әнұранын шырқатып, туын биікте желбірету үшін талмай еңбек ететін боламыз, - деген облыстық «Жастар» балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов, маңғыстаулық самбошыларға 2017 жылдың қаңтар айында Мәскеуде өтетін Әлем Кубогына жолдама берілгенін айтты.

 

Сонымен жарыстың қорытындысында командалық есепте маңғыстаулық балуандар бірінші орынды иеленіп, жарыс жеңімпазы атанса, екінші орынға шығыс қазақстандық самбошылар табан тіреді. Үшінші орынға ақтөбелік самбошылар жайғасты.

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему