Өрт автокөліктерінің жүргізушілері ″Оқукомбинаты″ ЖШС автодромында өз шеберліктерін шыңдады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт автокөліктерінің жүргізушілері ″Оқукомбинаты″ ЖШС автодромында өз шеберліктерін шыңдады

24 Октября 2016 (17:35) | 1787 | Автор: Нурганым Имашева

 

Өрт автокөліктерінің жүргізушілерін даярлау Маңғыстау облысының өрсөндірушілерді Кәсіптік даярлау мектебі қызметінің басты бағыттарының бірі және бұл арнайы пəндер арқылы жүзеге асырылады.

 

Өрт сөндіру қызметінің жетекшілері, мектептің оқытушылар ұжымы аталмыш тыңдаушыларын оқытудың кезеңдеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Өйткені өрт сөндіру бойынша негізгі тапсырмалардың уақытылы орындалуы көбінесе жүргізушілердің дайындық дәрежесіне байланысты.

 

 Топпен жұмыс барысында алдыңғы қатарлы əдістемелер пайдаланылады. Бұл мақсаттарда көпфункционалды интерактивті оқыту - жаттығу құрылғысы, интерактивті тақталар, мультимедиялық оқыту құралдары пайдаланылды, жүргізушілердің практикалық дағдыларын машықтау үшін автодром қолданылады.

 

 Автодром - бұл көлік жүргізуді үйретуге, алынған теориялық білімдерді практикалық тұрғыда машықтауға, əртүрлі кедергілерден өту дағдыларын үйретуге және шектеулі кеңістікте, шектеулі өту жолдарында автокөлікті жүргізуді үйретуге арналған алаң.

 

 Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің» басшылары «Оқукомбинатымен» шарт жасасты. Осы шартқа сәйкес Ақтау қаласының әрбір өрт сөндіру бөлімінің өрт автокөліктерін жүргізушілері апта сайын арнайы уақытта автодромға барып жаттыға алады.

 

 «Кәсіби даярлау мектебінің» тыңдаушылары, атап айтқанда өрт автокөліктерінің жүргізушілері, практикалық дағдыларын автодромда машықтайды.

 

 

- Өрт орнына кептелістер мен əдепсіз жүргізушілерге қарамастан жылдам жету, автокөліктер ағымында жəне үйлер алдындағы тұрақтарға қойылған көліктер арасынан кəсіби маневрлеуді тек қана тəжірибелі өрт автокөліктерінің жүргізушілері ғана жүргізе алады.

 Өрт автокөліктерін жүргізуші мамандығы өте қызықты əрі қауіпті мамандық. Шақыру орнына өрт сөндірушілер нарядын жылдам, жол-көлік оқиғаларысыз жеткізу, эмоционалды тұрғыда өзін-өзі ұстап, өрт орнында өрт автокөлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету т.б. тапсырмалар осы өрт автокөліктерін жүргізушілерге жүктелген жауапты міндеттер.

Өрт сөндірудің негізгі нəтижесі көптеген жағдайда осы жүргізушінің кəсіби дағдыларына байланысты. Ал облыс жолдарындағы көлік құралдары жүрісінің тығыздығы мен жылдан-жылға қарқынды көбеюі оқиға орнына арнайы техникалардың уақытылы жетуіне шынайы кедергіге айналуда.

 Сондықтан да жүргізушінің шеберлігі, өрт сөндіру бөлімшесіндегі арнайы техниканы асқан шеберлікпен басқару, өрт сөндіруші-құтқарушының батылдығы сияқты маңызды болып табылады.

Шынайы өмірде барлығына, атап айтқанда, қала жағдайында, дабылмен шығудан бастап өрт орнына жетуге дейін 10 минут уақыт беріледі, - дейді осы мәліметті біздің редакцияға жолдаған Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру жəне авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» Мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему