Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына жаңа төраға тағайындалды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 11:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына жаңа төраға тағайындалды

18 Октября 2016 (15:53) | 3190 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 342 Жарлығымен тағайындалған Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңа төрағасы Қарабаев Ержан Өсерханұлын ұжымға салтанатты түрде таныстырды деп хабарлайды аталмыш сот органының баспасөз қызметі.

 

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенова, кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

 

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңа төрағасын ұжымға таныстыру барысында Ж. Аланов: «Ержан Өсерханұлы – кәсіби судья, тәжірибелі басшы. Мақтаралы аудандық соттың төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысы апелляциялық сот алқасының төрағасы, Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметтерін атқарды. Сот жүйесіндегі қызметтік өтілі 19 жылдан асады», -деп атап өтті.

 

Жаңа алқа төрағаның қызметіне сәттілік тілей келе, Ж.Аланов:

Өз ісінің кәсіби маманы Ержан Өсерханұлы еліміздің сот жүйесінің беделін арттыруға зор үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да әділдіктің ақ жолында аянбай еңбек етеді деген сенімдемін», - деді.

 

Бұған дейін Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рахметулла Хайруллин Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему