Өткен 9 ай ішінде Ақтауда 84 адам бас бостандығынан айыру жазасына сотталған
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 07:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өткен 9 ай ішінде Ақтауда 84 адам бас бостандығынан айыру жазасына сотталған

17 Октября 2016 (12:38) | 1739 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұл туралы 13 қазан 2016 жылы Ақтау қалалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәжілісі барысында белгілі болды.

 

Баспасөз конференциясын Ақтау қалалық сотының төрағасы м.а. Г.Айжарикова жүргізді. Басқосу барысында сот төрағасы Галина Айжарикова тілшілерге аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың статистикасын мәлім етті.

 

- 2016 жылдың 9 айында аудандық сотпен 491 қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде үкім шығару арқылы 351 адамға қатысты 407 іс қаралып, соның ішінде 84 адам бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

 

Барлық қаралған (491) қылмыстық іс бойынша 188 іс үздіксіз, бір сот отырысында қаралып аяқталды. ҚР ҚК-нің 68 бабына сай, 102 қылмыстық іс жәбірленуші сотталушымен бітімгершілікке келуіне байланысты қысқартылды, - деді сот басщысы Галина Набидуллақызы.

 

Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сай, «Аталған уақыт аралығында тергеу судьясымен 782 санкция қаралып, 752-і қанағаттандырылып, 30-ы қанағаттандырудан бас тартылған.

 

2016 жылдың 9 айында «Сот кабинеті» сервисі арқылы 316 сотқа қатысушы тараптардың арыздары мен өтініштері түскен.

 

Сот қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында БАҚ - пен өте тығыз байланыс жүргізілген. Осыған орай, аталған кезеңде сотпен 51 дәріс, 11 дөңгелек үстел, 8 «Ашық есік күндерін», баспасөз басылымдарында 61 мақала, web сайтта - 64, интернет сайтта - 151 мақала жарияланған».

 

Сонымен қатар, шарада сот жүйесіне жаңа «Төрелік» жүйесі енгізілгені туралы, сондай-ақ аталған жүйе арқылы қызметтің ақпараттық мәліметтермен жедел алмасуға, жоғары деңгейде сенімді және автоматтандырылған тіркеуді жүргізуге және іс жүргізу мерзімін сақтауды бақылау сияқты мәселелерді шешуге, статистикалық және талдау есептерін қалыптастыруға, іс жүргізу мен сот ісін жүргізуді оңайлатуға мүмкіндік беретіні жайлы кеңінен әңгімеленді.

 

Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, сот жүйесінің деңгейін одан әрі алға ілгерілету мен сот саласының беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему