Аймақ жылыту маусымына дайын
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 16:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақ жылыту маусымына дайын

12 Октября 2016 (16:16) | 1933 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облысы жылыту маусымына дайын. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық алаңында жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша,өңірдегі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердегі жылу құбырлары түгел тексерілген.

 

 

0:0Барлық тұрғын үйлерге жылу қазан айының 15-інен бастап беріледі деп жоспарланып отыр. Бірақ, күн кенет күрт суытып кеткен жағдайда жылу одан да бұрын берілуі мүмкін. Биыл жазда 384 жылу қазандығы күрделі жөндеуден өткізілген. Ол үшін жергілікті бюджеттен 97 миллион теңге бөлініпті. Сондай-ақ, баспасөз мәжілісі барысында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 1 миллиард теңгеден аса қаражатқа 10 шақырым жылу желілері жөнделгені туралы белгілі болды..

 

 

СапарАманбековМаңғыстау облыстық энергетикажәнетұрғынүй-коммуналдықшаруашылықбасқармасыныныңбасшысы:

 

-Тұтастай алғанда, қалалар мен аудандарда 2016-2017 жылдардағы жылыту маусымына дайындық белгіленген іс-шараларға сәйкес жүргізілді.  

 

Білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы100%құрайды (305нысан). Денсаулық сақтаунысандарының жылу беру маусымына дайындығы 100% құрайды (97 нысан). Әлеуметтік нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 100% құрайды (135 нысан).

 

Жоспарланған 1439 бірлік тұрғын үйлер толықтай дайындық паспорттарын алды немесе 100% құрайды. Жылыту маусымына дайын болу үшін біз жергілікті бюджетте қаражат бөліп, Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау ауданына көмек көрсетіп отырмыз.Олар жылу қазақдықтарына қосалқы заттарды, яғни насос, задвижкаларды алып отыр. Соларды толықтай қамтамасыз еттік.

 

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының брифингте ұсынған ақпаратына сай, 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындықтың жүрісі туралы мәліметтер мынадай:  

 

 

ҚАЗАНДЫҚТАР

 

Бүгінгі күні жөндеу жұмыстарына жоспарланған қуаты 100 Гкал/сағ дейінгі 384 қазандықтың барлығына жөндеу жұмыстары аяқталған немесе 100% дайын. Сонымен қатар облыс аудандарының негізгі құрал-жабдықтары мен нысандарының жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 97,0 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған. (Бейнеу ауданы – 10,0 млн.тг; Карақия ауданы – 50,0 млн.тг; Мұнайлы ауданы – 10,0 млн.тг; Манғыстау ауданы – 7,0 млн.тг; Түпқараған ауданы– 20,0 млн.тг;).

 

 

ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІ

 

Облыс бойынша жылумен жабдықтау желілері - 779,6 км құрайды. Олардың ішінен жөндеуге 13,82 км жоспарланған. Бүгінгі күні 13,82 км немесе 100 %жөнделді.

 

 

Қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша несиелік бюджеттік қаражат есебінен 1 042,0 млн.теңге сомасына 10,4 км жылу желілері бойынша қайта құрылымдау жұмыстары аяқталды.

 

 

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІ

 

Облысымыздағы 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 2015,9 км-ді құрайды, олардың ішінен жөндеуге 629,3 км жоспарланды. Бүгінгі күні 629,3 км немесе 100 % жөнделді.

 

 

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ЖЕЛІЛЕРІ

 

Облыс бойынша сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 2123 км құрайды. Олардың ішінен жөндеуге 22,6 км жоспарланды. Бүгінгі күні 22,6 км немесе 100 % жөнделді.

 

 

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІ

 

Аймақтағы габен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 2615,1 км құрайды.

 

 

Олардың ішінен жөндеуге 5 км жоспарланды. Қазіргі уақытта 5 км немесе 100 % жөнделді. Олардың ішінде:

 

Облыстың газ құбырларын қайта құрылымдау және жаңғырту, сонымен қатар жаңа құрылысын салудың барлық жұмыстары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ «2015-2020 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарламасының» аясында орындалды.  

 

 

Барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылу қабылдау дайындық паспорттарын алды. Егер температура күрт төмендеген жағдайда нысандар 15 қазанды күтпей жылуға қосылатын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему