Массажшы кәсібін игерген жандарға сертификаттар табысталды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 02:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Массажшы кәсібін игерген жандарға сертификаттар табысталды

12 Октября 2016 (15:31) | 1909 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аймақтағы көру мүшесі зақымданған жандар массаж кәсібіне машықтанып, білікті мамадардан білім алған болатын. Екі айлық курстан кейін жеті зағип жан арнайы сертификат алып, алған білімдерін тәжірибе түрінде жүзеге асырып, жұмысқа да орналасу мүмкіндігіне ие болды.

 

Жуырда арнайы оқытылған мамандарға массажшы мамандығын иеленгенін растайтын сертификаттар салтанатты жағдайда табыс етілді. Шараға БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) Маңғыстау облысындағы әлеуметтік бағыттағы жоба менеджері Айгүл Тахиталиева, БҰҰ ҚР тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел және БҰҰДБ жоба үйлестірушісі Малика Қоянбаева қатысты.

 

Маңғыстау облыстық «Қазақ зағиптар қоғамының» төрағасы Амангелді Мұхамедов:       Біз зағип жандарды жұмыспен қамту мақсатында арнайы жоба жазып, оны қорғап, БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) арқылы қаржылай қолдау таптық. Осы жоба аясында бүгінгі таңда 7 адам массажшы кәсібін меңгеріп, сертификатқа ие болды. Массажшы кәсібіне оқыту екі кезеңнен тұрды: теориялық және тәжірибелік бағытта. Дәріс алу кезінде кәсіп иесінің психологиялық жай-күйіне мән берілді.

Біздің Қоғам мүшелерін жаңа кәсіпке үйреткен мамандарға алғысымызды білдіреміз – деді.

 

Өңірде 1 500-дей зағип жан бар. Олардың 711-і зағиптар қоғамында мүше. БҰҰ өкілдері жанары қараңғы жандармен кездесті. Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін, тамыз айында ауқымды жоба жүзеге асқан еді. Зағиптар қоғамының мүшелері 2 ай массажды меңгеріп, енді оларға сертификат табысталды.

 

Айгүл Тахиталиева - БҰҰ-ның Маңғыстау облысындағы әлеуметтік бағыттағы жоба менежері:

- Жобаларда экономикалық негіздеме болу керек. Себебі, біздің мақсатымыз тек қана адамдарға көмек беру емес. Оларды дамытып, өз өздерін қамтып қазіргі дағдарысқа қарамай өз -өздерінің мүмкіндіктерін пайдаланып, нан тауып жеуге мүмкіндік беру және де кәсіби шеберлігін дамыту. Әр бағытта, әр салада....

 

Қазақстан бойынша БҰҰ-ның 19агенттігі жұмыс істейді. Соның 7-уі осы Маңғыстауда жүзеге асырылуда. Әлеуметтік жобалардың аяқ алысын өз көздерімен көрген БҰҰДБ өкілдері бірлесен қызметті жалғастыра беруге құлшыныс танытты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему