Тәртіп сақшылары Тілдер мерекесін атап өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 19:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тәртіп сақшылары Тілдер мерекесін атап өтті

3 Октября 2016 (17:35) | 2218 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі атап өтілді.

 

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл шараға департаменттің барлық жеке құрамы қатысты.

 

Шараның мақсаты Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында жеткен жетістіктеріне бағытталды.

 

Салтанатты мерекенің басында Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері Ардақхан Нәубеттің «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

 

Баяндамадашы Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы, ел бірлігінің негізгі түп тамырының өзге ұлт өкілдерінің тілімізге, салт-дәстүрімізге деген құрметі екендігін атап өтті. Сонымен бірге, Елбасы Жолдауында атап көрсеткендей, 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар саны 95 пайызға жетіп, орыс тілін білетіндер саны 90 пайыздан кем болмауға, ал ағылшын тілін үйренгендер саны шамамен 20 пайызды құрауы тиістігі айтылды.

 

 - Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің жылдан – жылға санының артуы да қазақ тілінің беделінің өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Осы орайда Маңғыстау облысы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді үйренудегі жетістіктерін де атап кетуге болады.

Департаментте бірнеше ұлт өкілдері қызмет етеді, олардың қатарында қызметін мінсіз атқара отырып, мемлекеттік тілімізге деген құрметін көрсетін, оны жандандыру бағытында өтіп жатқан шараларға белсенді қатысып, өз үлестерін қосып жүрген қызметкерлеріміз баршылық.

Өзге ұлт өкілдерінің қатарында: Седрак Лобян, Максим Ли, Гүлзат Кокоева, Магамедшафи Садыков, Расул Аваков секілді жастарымыз бар, - деді А.Нәубет.

 

Шара барысында Қазақтанда тұратын ұлт өкілдерінің татулығын, қазақ тіліне деген құрметі туралы баяндаған «Мемлекеттік тіл – елдігімнің белгісі» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Бейнесюжетте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілімізді жандандыру бағытындағы игілікті істері жөніндегі әңгімесі тыңдалып, өзге ұлттардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі жайлы мәліметтер ұсынылды.

- Шараның соңында Маңғыстау облысы Мәдениет басқармасының қызметкерлерімен таныстырылып, түсіндірілген Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына байланысты өлкеміздің тарихын, салт-дәстүрін таныстыруға арналған «Тағылымды тарих – Ордалы Отпан» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Өлкеміздің тарихын, салт-дәстүрін насихаттайтын бұл көрменің ішкі істер органдары қызметкерлеріне берері көп болды.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру бағытындағы осындай игілікті шаралар жалғаса берсін! Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! – дейді осы ақпаратты біздің редакцияға жолдаған облыстық ІІД-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему